Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»МЕРИТОКРАТИЯ ІС ЖҮЗІНДЕ: AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП, ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ
    Жаңалықтар

    МЕРИТОКРАТИЯ ІС ЖҮЗІНДЕ: AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП, ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ

    10.09.2026

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен меритократия мен әділдік қағидаты бүгінде еліміздің жоғары білім жүйесінде, соның ішінде өңірлік ірі оқу ордасы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде де өз жемісін бере бастады. Аталған оқу орнында кадрлық саясатты жаңарту және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы комиссияның шешімімен ұжым ішінде өзінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдеген бірқатар азаматтар жауапты лауазымдарға тағайындалды. Сырттан немесе өзге саладағы мамандарды тартпай, ұйым ішінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ішкі кадрлардың әлеуетін пайдалану көрсеткіші 83,3 пайыздан асып, ұжымның еңбекке деген ынтасы мен сенімін арттыра түсті.
    Сатылай өсудің айқын мысалы ретінде, университеттің Өзбекстан Республикасындағы Шыршық филиалының директоры болып аталған қара шаңырақта 34 жылдық мол тәжірибесі бар, білім беру мен ғылыми-зерттеу бағыттарында өзін көрсете білген техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Жарылқасынұлы Айтуреевтің бекітілуін айтуға болады. Сонымен қатар, ғылыми-педагогикалық салада көпжылдық тәжірибесі бар және 100-ден астам ғылыми еңбек пен оқулықтардың авторы, PhD докторы Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректордың орынбасары лауазымына тағайындалып, ғылыми жобаларды коммерцияландыру бағытындағы жаңа міндеттерді қолға алды.
    Басқару жүйесіндегі құжат айналымы мен әкімшілік жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметте 13 жылдан астам тәжірибесі бар және Executive MBA дәрежесінің иегері Нұрсұлтан Кенжебаев Ректор аппаратының басшысы болып тағайындалса, университеттің медиа саясаты мен ақпараттық-коммуникациялық бағытын жаңа деңгейге көтеру үшін теле-радиожурналистика мен баспасөз қызметінде 20 жылға жуық тәжірибе жинақтаған ҚР Журналистер одағының мүшесі Эльмира Жапарбекқызы Тұрлыбекова Медиа орталықтың басшысы қызметіне келді.
    Сонымен қатар, оқу орнының академикалық мектептері мен факультеттерін дамыту мақсатында қара шаңырақтың өзінде түрлі жауапты қызметтерді атқарып, өзін ұйымдастырушылық қырынан танытқан PhD докторы Нұрлыбек Шырынбекұлы Отарбаев «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің басшысы болып бекітілсе, 1991 жылдан бері осы салада үздіксіз еңбек етіп келе жатқан және 100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы Сабит Абилдабеков «Спорт және туризм» факультетінің деканы қызметіне сайланды.
    Басқару жүйесінің тыныс-тіршілігін іштен жақсы білетін маман-ғалымдардың жауапты қызметтерге келуі шешім қабылдау уақытын екі есеге қысқартып, университеттегі басқару тиімділігін 25-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл қадамдар өңірлік ірі ЖОО-ның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, елдегі білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат пен меритократия қағидаттарының өмірде ашық әрі сапалы жүзеге асуына тікелей септігін тигізеді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.