Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Жаңалықтар

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

Қазіргі цифрлық заманда білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізумен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында ұлттық код пен рухани құндылықтарды сақтау — маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де заманауи ғылым мен ұлттық тәрбиені тоғыстырған бірегей ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
«Жас ғалым» бағдарламасы аясында AP25794885 «Робототехника негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» ғылыми жобасы орындалуда. Жобаның орындалу мерзімі — 2025–2027 жылдар. Жоба жетекшісі — педагогика ғылымдарының маманы Нұрлан Қаратаев.
Жобаның негізгі мақсаты — робототехника мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-білім беру ортасын әзірлеу және оның тиімділігін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негіздеу. Жоба аясында бастауыш білім беру саласында цифрлық технологиялар мен ұлттық тәрбие бағыттарын ұштастыратын бірнеше жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Робо-Балдырған» ақпараттық-білім беру сайты құрылып, ақпараттық ресурсқа «Робототехника» курсының теориялық және практикалық сабақтары, оқу бейнематериалдары, интерактивті тапсырмалар мен тесттер енгізілді. Сайт оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың өздігінен білім алуына және практикалық дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, ұлттық құндылықтарды меңгертуге бағытталған оқу контентінің сценарийлері әзірленді. Сценарийлерге ойын элементтері, шығармашылық тапсырмалар және жобалық жұмыстар енгізіліп, робототехникалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге, туған жерге, еңбекке, бірлікке және отансүйгіштікке деген көзқарастарын қалыптастыруға басымдық беріледі. Эксперименттік жұмыс нәтижелері оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығының артуын, шығармашылық және практикалық белсенділігінің күшеюін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды меңгеру деңгейін анықтауға бағытталмақ.
Жобаның ерекшелігі — заманауи робототехника технологияларын ұлттық тәрбие мазмұнымен сабақтастыра отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін интерактивті әрі қызықты білім беру ортасын қалыптастыруында. Бұл тәсіл оқушылардың цифрлық және инженерлік дағдыларын дамытумен қатар, ұлттық мәдени мұраны тануына және ұлттық құндылықтарды күнделікті оқу әрекеті арқылы меңгеруіне жағдай жасайды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.