Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жаңалықтар

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

Бүгінде қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі, олардың тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән бергеніміз жөн.

Сауран ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мен жастар өкілдерінің қатысуымен профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Мұндай жұмыстарды мен толық қолдаймын. Себебі бұл рейдтердің негізгі мақсаты – жастарды жазалау емес, қауіптің алдын алып, олардың амандығын қамтамасыз ету.

Сауран жастарына айтарым – өз қауіпсіздіктеріңізге бейжай қарамаңыздар. Кешкі уақытта көшеде жүрсеңіздер, қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын құрметтеңіздер. Айналаңыздағы ортаға да мән беріңіздер. Кейде қатарластарыңыздың бір дұрыс емес әрекетіне еріп кетудің соңы өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан әр қадамдарыңызды ойланып басыңыздар.

Жастық шақ – адамның болашағына негіз қалайтын кезең. Сол уақытты білім алуға, еңбек етуге, спортпен айналысуға, өнер мен шығармашылыққа арнаған дұрыс. Елге пайдасы тиетін азамат болу – үлкен мақсаттан басталады.

Бұл жерде ата-ананың жауапкершілігі де айрықша. Бала тәрбиесі тек мектептің немесе құқық қорғау органдарының міндеті емес. «Бала – біздің болашағымыз» деп айтамыз. Ендеше, баламыздың қайда жүргенін, кіммен араласатынын біліп, онымен ашық сөйлесіп, дұрыс бағыт көрсетіп отыруымыз керек. Баланың мәселесіне уақытында көңіл бөлу – көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады.

Мен, Сауран ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде, ауданымыздағы қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіремін. Жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарына қатысуға да әрдайым дайынмын.

Сауранның жастары – елдің ертеңі. Олардың қауіпсіздігіне алаңдау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Сондықтан жастарға сенім артып, ата-ана, қоғам және құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтижелі іске қол жеткіземіз.

Біздің мақсатымыз – жастарды жазалау емес, оларға дұрыс жол көрсету, қауіптен қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Амандық пен тыныштық – әр отбасының тілегі. Сол тыныштықты сақтау бәрімізге байланысты.

САУРАН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БАЙМУРАТОВ БЕРДАЛЫ

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

21.09.2026

«ТАЗА КАЗАХСТАН»: ТЫСЯЧИ ПОЛИЦЕЙСКИХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫШЛИ НА СУББОТНИК

21.09.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

21.09.2026

В УЩЕЛЬЕ АКСУ ОТКРЫЛАСЬ СМОТРОВАЯ ПЛОЩАДКА

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.