Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,5 МЫҢНАН АСТАМ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП, ЕЛ НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАУДА
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,5 МЫҢНАН АСТАМ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП, ЕЛ НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАУДА

24.09.2026

Шымкент қаласының спортшылары 2026 жылдың алғашқы сегіз айында республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел спортының дамуына елеулі үлес қосты. Жыл басынан бері шымкенттік спортшылар Қазақстан чемпионаттарында 526 алтын, 490 күміс және 531 қола, барлығы 1 547 медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаттары аясындағы кубоктық жарыстарда 39 алтын, 40 күміс және 31 қола медаль иеленді. Халықаралық ареналарда да шымкенттік спортшылардың нәтижесі жоғары. Азия чемпионаттарында 41 алтын, 53 күміс және 25 қола, барлығы 119 медаль жеңіп алса, Азия кубоктарында 14 алтын, 12 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Әлем чемпионаттарында 15 алтын, 10 күміс және 8 қола, ал Әлем кубоктарында 20 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Спорттағы жоғары нәтижелермен қатар, білікті жаттықтырушылар мен спорт шеберлерін даярлау жұмыстары да жалғасуда. Есепті кезеңде 2 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 еңбек сіңірген спорт шебері, 26 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 97 спорт шебері және 560 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Сонымен қатар, Шымкенттен 1 224 спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаларының сапына енді.

Қала спортшылары биылғы халықаралық додаларда да ел намысын абыроймен қорғады. Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV Қысқы Олимпиада ойындарына фристайл-акробатикадан Шымкенттің төрт спортшысы қатысып, өз спорт түрі бойынша жоғары бәсекеде бақ сынады.

Дохада өткен стенд атудан Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Ал Нью-Делиде өткен нысана атудан Азия чемпионатында 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді. Аталған жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері София Шульженко 358,2 ұпай жинап, әлемдік және Азия рекордтарын жаңартты.

Сонымен бірге каратэден София Берульцева «Премьер Лига» халықаралық рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды. Грек-рим күресінен «Muhamet Malo» халықаралық турнирінде Мейіржан Шермаханбет алтын, Ернұр Фидаметов қола медаль иеленді.

Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шымкенттен ұлттық спорт түрлері бойынша 7 спортшы қатысып, нәтижесінде 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Қазір Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Шымкенттен 53 спортшы спорттың 21 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғауда. Байрақты бәсеке 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Бұдан бөлек, қазан-қараша айларында Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан Шымкент спортшысы Максим Сажнев жолдама алды. Ол биыл Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп, ұлттық рекорд орнатқан.

Осы нәтижелер Шымкентте спорт резервін даярлау, жоғары жетістіктер спортын дамыту және қала спортшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Толығырақ: https://youtube.com/live/iLeUY3-cD20?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЧП в Актау: государство демонстрирует оперативную реакцию на чрезвычайную ситуацию

25.09.2026

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

25.09.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

25.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЧП в Актау: государство демонстрирует оперативную реакцию на чрезвычайную ситуацию

25.09.2026

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

25.09.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

25.09.2026

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,5 МЫҢНАН АСТАМ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП, ЕЛ НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАУДА

24.09.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АТАУЫ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН НАҚТЫ ІСІ МАҢЫЗДЫ

24.09.2026

Брак на столетие

24.09.2026

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

24.09.2026

Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес

24.09.2026

КҮЗДІ ТАЗА ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!

24.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.