Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ КАПИТАЛЫ
    Жаңалықтар

    «ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ КАПИТАЛЫ

    01.10.2026

    1 қазан – Қарттар күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстел өтті.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынның отбасы мен қоғамдағы әлеуметтік-мәдени рөлін айқындау, олардың мол өмірлік және кәсіби тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығының қоғамның рухани дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығындағы маңызын ғылыми-танымдық тұрғыдан зерделеу.
    Дөңгелек үстел барысында аға буынның қоғамдық өмірдегі орны, өмірлік тәжірибенің тәрбиелік әлеуеті, отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүр, кәсіби сабақтастық және жастар тәрбиесіндегі аға ұрпақтың рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа мамандық таңдау, еңбек жолы, отбасы құндылықтары, адамгершілік қасиеттер мен өмірлік ұстанымдарға қатысты тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.
    Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасынан: Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы – Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, дөңгелек үстел модераторы, Сембиев Ордабай Зайтаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Бейсенов Сембай Дайрабайұлы – педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Алиев Уткур – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Карибаев Сарсебай Өскенұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Таубаева Мираш Емешовна – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Уразбаева Клара Әбдіразаққызы – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Корганова Саипжамал Султановна – философия ғылымдарының кандидаты, доцент қатысты.
    Университеттің тәжірибелі профессор-оқытушыларының қатысуы іс-шараның мазмұнын байытып, ұрпақтар арасындағы білім, тәжірибе және құндылықтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді. Аға буын өкілдері жастарға кәсіби қалыптасу, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтардың маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
    Сонымен қатар студенттер мен аға буын өкілдері арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша еркін сұхбат жүргізілді. Мұндай формат жастардың аға буын тәжірибесіне деген қызығушылығын арттырып, әлеуметтік және мәдени сабақтастықтың практикалық маңызын айқындады.
    Дөңгелек үстел қорытындысы қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін құрметтеу, олардың рухани-мәдени мұрасын сақтау және кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибесін жеткізу – қоғамдық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі екенін көрсетті.
    Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс білдіріліп, университет атынан “Әуезов һәм Абай” кітаптары сыйға тартылды.

    Ұйымдастырушы:
    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
    «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығы

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.