Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАН-МАЖАРСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ҚАЗАҚСТАН-МАЖАРСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

    08.10.2026

    Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

    Форум Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папп бастаған мажарстандық делегацияның Шымкент қаласына сапары аясында өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы — ректоры Мұхтар Төлеген, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

    Өз сөзінде Мұхтар Төлеген Қазақстан мен Мажарстанды стратегиялық әріптестік қана емес, терең тарихи және мәдени байланыстар да біріктіретінін атап өтті. Екі халықтың ортақ тарихи жадында қыпшақ мұрасы ерекше орын алады.

    Шымкент пен Дебрецен арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне тоқталған ректор білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті жоғары екенін тілге тиек етті. Басым бағыттар қатарында академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулерді, академиялық және ғылыми тағылымдамаларды дамыту мәселелері белгіленді.

    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мажарстандық серіктестермен жасанды интеллект, Data Science және Computer Science, инженерия, мехатроника және робототехника, дәлме-дәл егіншілік, тағам технологиялары мен биотехнология, экология және су ресурстарын басқару, экономика және бизнес, сондай-ақ құқық салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

    Сонымен қатар Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Horizon Europe бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми консорциумдарға бірлесіп қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

    Басталған диалогтың жалғасы ретінде 2026 жылғы 9 қазанда мажарстандық делегацияның Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне сапары жоспарланған. Кездесу барысында тараптар Дебрецен университетімен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асырудың нақты бағыттарын талқылайды.

    Форум аясында Шымкент қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылып, қазақстандық және мажарстандық кәсіпкерлер арасында B2B кездесулер өткізілді. Тараптар инвестициялық және технологиялық әріптестікті дамыту, жаңа іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.

    Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы Шымкент пен Дебрецен арасындағы тікелей байланыстарды нығайтатын маңызды алаңға айналып, экономика, білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    «ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

    10.10.2026

    СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

    10.10.2026

    Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

    10.10.2026

    СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

    09.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.