Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТОҚАЕВТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ӘЛЕМДІК БАҚ НАЗАРЫНДА: NVIDIA, СУПЕРКОМПЬЮТЕРЛЕР ЖӘНЕ ӨСУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
    Жаңалықтар

    ТОҚАЕВТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ӘЛЕМДІК БАҚ НАЗАРЫНДА: NVIDIA, СУПЕРКОМПЬЮТЕРЛЕР ЖӘНЕ ӨСУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    03.11.2026

    NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанды Еуропаның болашақ есептеу орталығы және жасанды интеллект өндірісінің маңызды алаңы деп бағалады. Оның айтуынша, еліміз энергетикалық ресурстарды экспорттаумен шектелмей, оларды жоғары технологиялық өнімдер мен интеллектуалдық шешімдер өндіруге бағыттауы тиіс.

    Қазақстан цифрландыру саласында Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі. Network Readiness Index 2025 рейтингінде 65-орынға ие болды. Ал БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-орынға көтерілді. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа көшірілген.
    2025 жылы Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 1,142 млрд долларға жетті. Салыстыру үшін, 2020 жылы бұл көрсеткіш 33,5 млн доллар болған.
    Қазіргі уақытта елімізде NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютерлік кластер жұмыс істейді. Сонымен қатар, NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған, жалпы көлемі 10 млрд долларға дейінгі келісімдер аясында жаңа есептеу инфрақұрылымын құру жоспарланған.
    Осы бастамалардың негізгі жобаларының бірі – Екібастұз қаласындағы Data Center Valley деректер орталығы. Алғашқы кезеңде оның қуаты 300 МВт болады, кейін 1 ГВт-қа дейін ұлғайту көзделген. Жоба аясында 100 мыңға дейін графикалық процессорды қамтитын есептеу кластерін қалыптастыру жоспарланып отыр. Коммерциялық іске қосу 2027 жылдың үшінші тоқсанына белгіленген.
    Қазақстанның цифрлық әлеуетін арттыруда Каспий теңізінің түбімен өтетін Қазақстан – Әзербайжан бағытындағы талшықты-оптикалық байланыс желісінің де маңызы зор. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасындағы деректер алмасуды жеделдетіп, еліміздің халықаралық цифрлық транзиттік орталық ретіндегі рөлін нығайтады.
    Жасанды интеллект саласындағы отандық әлеуеттің жарқын мысалы – Higgsfield стартапы. Компанияның Қазақстандағы инженерлік және креативті командаларында 300-ден астам маман жұмыс істейді. 2026 жылы стартап 400 млн доллар инвестиция тартып, компанияның нарықтық бағасы 5,4 млрд долларға жетті.

    Жасанды интеллектіні өнеркәсіпке енгізу де экономикалық тиімділікті арттырудың маңызды бағыты саналады. Болжам бойынша, отын-энергетика кешенінде AI технологияларын қолдану жыл сайын 23 млрд теңгеге дейін экономикалық нәтиже әкелуі мүмкін. Бұл өндірістік процестерді оңтайландыруға, апаттардың алдын алуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Мемлекет жасанды интеллект саласын дамыту үшін 2029 жылға дейінгі кешенді жоспар қабылдады. Сонымен қатар, ұлттық MagniSoz және Oylan тілдік модельдері әзірленуде. 2030 жылға дейін кемінде бес отандық технологиялық «бірмүйізді» компания қалыптастыру мақсаты қойылған.

    Қазақстанның басты міндеті – халықаралық инвестициялар мен заманауи инфрақұрылымды отандық технологиялардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өнімділігін арттыруға бағыттау. Ол үшін есептеу қуаттарын құрумен қатар, білікті инженерлер даярлау, жергілікті стартаптарды қолдау және жасанды интеллект шешімдерін экономиканың нақты секторына енгізу маңызды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН QAZETA ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    03.11.2026

    ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АРТАДЫ

    03.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ

    03.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН QAZETA ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    03.11.2026

    ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АРТАДЫ

    03.11.2026

    ТОҚАЕВТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ӘЛЕМДІК БАҚ НАЗАРЫНДА: NVIDIA, СУПЕРКОМПЬЮТЕРЛЕР ЖӘНЕ ӨСУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    03.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ

    03.11.2026

    ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ НЕГІЗІ

    02.11.2026

    Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

    02.11.2026

    ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

    02.11.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

    30.10.2026

    ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ: 2026 ЖЫЛДАН БАСТАП ЕНГІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР

    30.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.