Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАНДА ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙТІЛІП КЕЛЕДІ
    Жаңалықтар

    ҚАЗАҚСТАНДА ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙТІЛІП КЕЛЕДІ

    11.11.2026

    Жыл сайын 10 қарашада әлемде Бейбітшілік пен даму жолындағы дүниежүзілік ғылым күні атап өтіледі. ЮНЕСКО бастамасымен белгіленген бұл айтулы күн ғылымның орнықты дамуды қамтамасыз етудегі, жаһандық сын-қатерлерді еңсерудегі және халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды рөлін айқындауға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстанда ғылымды танымал ету мен оның жетістіктерін қоғам арасында кеңінен ілгерілету мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғалымдарды мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту және ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу бағытында жүйелі де ауқымды жұмыстарды жүргізіп келеді. Сонымен бірге өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту және ғылым саласында ЖОО-лар мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы тығыз кооперацияны ақпараттық сүйемелдеуге ерекше маңыз берілуде.

    Соңғы жылдары Қазақстанның ғылым саласында елеулі оң өзгерістер байқалуда. Ғылыми зерттеулерді тікелей қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайып, ғалымдардың әлеуметтік статусын көтеру мен оларды баспанамен, арнайы гранттармен қамтамасыз ету шаралары кеңейтілді. Ғылыми ұйымдар, өңірлік зерттеу орталықтары мен өндіріс орындары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық нығая түсіп, ғалымдардың әзірлемелерін коммерцияландыру деңгейі жаңа белеске көтерілді.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер саны 28 374 адамды құрады. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5%-ға артық. Ғылыми кадрлардың сапалық құрамы да артып келеді: олардың 11 872-сі немесе 41,8%-ының ғылым кандидаты, докторы немесе PhD ғылыми дәрежесі бар.

    Ерекше атап өтетін жайт – отандық ғылымның жасару процесі қарқынды жүруде. Бүгінде зерттеушілердің 47%-ын 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас ғалымдар мен жас мамандар құрайды. Мемлекет тарапынан жас ғалымдарға арнайы гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту мүмкіндігін беру және зерттеу жобаларын қаржыландыру сияқты қолдау механизмі олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға зор серпін беруде.

    Осылайша, елімізде ғылымды дамыту мен өңірлік ғалымдардың жетістіктерін насихаттау ісі жаңа қарқын алып, ғылыми әлеует еліміздің тұрақты экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналып келеді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ОРНАЛАСУ

    11.11.2026

    КАЗАХСТАН ВОШЕЛ В ТОП-10 СТРАН С САМЫМ ДОСТУПНЫМ МОБИЛЬНЫМ ИНТЕРНЕТОМ СРЕДИ ГОСУДАРСТВ С ВЫСОКОЙ СКОРОСТЬЮ СВЯЗИ

    11.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ОРНАЛАСУ

    11.11.2026

    КАЗАХСТАН ВОШЕЛ В ТОП-10 СТРАН С САМЫМ ДОСТУПНЫМ МОБИЛЬНЫМ ИНТЕРНЕТОМ СРЕДИ ГОСУДАРСТВ С ВЫСОКОЙ СКОРОСТЬЮ СВЯЗИ

    11.11.2026

    ҚАЗАҚСТАНДА ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙТІЛІП КЕЛЕДІ

    11.11.2026

    КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА: ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДЕ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМИ БАЗА НЫҒАЙУДА

    11.11.2026

    «БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР», БҰЛ – ӨМІРДІҢ ТАЛАЙ СЫНАҒЫНАН ӨТКЕН АҚИҚАТ

    10.11.2026

    «БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР», БҰЛ – ӨМІРДІҢ ТАЛАЙ СЫНАҒЫНАН ӨТКЕН АҚИҚАТ

    10.11.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «SHE RUG 2026» КӨРМЕСІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

    10.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ – ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

    10.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.