Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
    Жаңалықтар

    ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ

    12.11.2026

    Бүгін университет қабырғасында отандық телевизия саласының көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI–VII шақырылымдарының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Дана Нұржігітпен мазмұнды да тағылымды кездесу өтті. «Сөз және сана: журналистика мен ұстаздық миссия» тақырыбында ұйымдастырылған бұл салмақты жүздесуді университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев арнайы жүргізіп отырды.

    Жиынның беташары ретінде қатысушылар назарына Дана Нұржігіттің өмір жолы, кәсіби қалыптасу кезеңдері мен шығармашылық биіктерін жан-жақты қамтыған бейнеролик ұсынылды. Мазмұнды бейнебаян арқылы журналистің отандық теле-радио саласын дамытудағы елеулі еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі және ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен реформаларға араласқан тарихи сәттері өрнектелді.

    Сапалы кездесудің ең маңызды әрі ерекше сәттерінің бірі – Дана Нұржігіттің авторлық «Көлеңке» атты жаңа кітабының ресми тұсаукесері болды. Белгілі тележурналист туындының жазылу тарихы, мазмұндық желісі мен көтерген негізгі түйткілді мәселелері жөнінде кеңінен ой бөлісіп, оқырман қауымға жеткізгісі келген басты идеяларына тоқталды. Автор адам баласының ішкі арпалысы, өмірлік сынақтар мен рухани беріктік жайында тереңнен толғанды.

    Сонымен қатар, еркін жүздесуде қазіргі қоғамда өте өзекті болып отырған – сталкинг (адам артынан түсу, аңду, психологиялық қысым көрсету) тақырыбы жан-жақты сөз болды. Қатысушылар бұл жағымсыз құбылыстың адам психологиясы мен жеке қауіпсіздігіне тигізер зардабын, қарым-қатынас мәдениетіне әсерін қызу талқылады. Журналист бұл мәселенің әлеуметтік салдарына ерекше назар аударып, қоғамда жеке шекараны құрметтеу мен адам құқығын қорғаудың маңыздылығын баса айтты.

    Ашық әрі еркін диалог форматында өрбіген жиында университет оқытушылары, жас ғалымдар мен студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Сөз зергері Дана Нұржігіт журналистика саласындағы жауапкершілік, сөздің салмағы, кәсіби ар-ождан, азаматтық міндет пен ұстаздық миссияның өзара сабақтастығы туралы терең ой айтты.

    Бұл тағылымды кездесу болашақ мамандар үшін кәсіби тәжірибе алмасудың, ой-көкжиегін кеңейтудің және сөз құдіретін түсінудің бірегей алаңына айналды. Шараны Республикалық Аналар алқасы өңірлік университетпен бірлесе отырып жоғары деңгейде ұйымдастырды.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026

    ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ

    12.11.2026

    12.11.2026

    АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ – АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

    12.11.2026

    ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

    12.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.