Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Басты ақпарат

АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

31.07.2021

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан», «Таза қала» тазалық акцияларын қолдап, оларды науқандық емес дәстүрлі акцияға айналдыру керек дегені бар. Еліміздегі үшінші мегаполисте бұл тазалық акциялары бүгінде дәстүрлі шараларға айналған. Мегаполистегі төрт ауданда әкімдіктер, жастардың «Жасыл ел» еңбек жасағы, басқа да қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып көктемнің басынан қара күзге дейін тазалық акцияларын жүзеге асырып отырады.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі  Б.Парманов аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясына қатысты. Аталған іс-шара Абай ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек  жасағымен  бірге ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру. Қала, оның көшелері мен саябақ, гүлзарлары, басқа да орындары таза болса ол тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін пайдалы екенін бүгінде шымкенттіктер түсініп те келеді.

Тазалық акциясы барысында «8 шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлер аулалары мен аллеясы қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 200 ерікті жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты. Осындай тазалық жұмыстарын көрген қала тұрғындары да қоқысты көрінген жерге тастамайтын, тазалықты сақтайтын болады. Сол сияқты бұлш акциядан «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мәселелері де шешімін табады.

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.