Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
    Аймақ

    ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

    09.07.2022
    8 шілде күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Министрлер есептерінің жаңа форматы аясында халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Сонымен қатар бірқатар ауданның білім беру ұйымдарын аралап, білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес құрды.
    Жиынға облыстың 500-ге жуық тұрғыны қатысты. Үш сағатқа жуық уақыт бойы ата-аналар қауымы, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
    ҚР Оқу-ағарту министрі өз кезегінде барлық қойылған сұраққа жан-жақты және нақты жауап берді. Атап айтсақ, мектеп директорларын ротациялау, білікті педагогтарды еліміздің 4 облысына тарту, балабақшаларды лицензиялау, білім беру ұйымдарындағы штат, инклюзивті білім беру, білім беру үрдісіндегі тәрбие сияқты түрлі тақырыптарға қатысты мәселелер көтерілді.
    Халықпен есеп беру кездесуінен кейін министр бірқатар тұрғындарды жеке қабылдады. Азаматтарды қабылдаудан кейін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының өкілдерімен, сондай-ақ облыстағы колледж басшыларымен кездесу өткізді.
    — Әр кездесу сайын әріптестерімнің сұрақтарының мазмұны мен бағыты өзгеріп жатқанын байқап жүрмін. Мәселен, кеше ғана білім басқармаларының бұрынғыдай аудан әкімдіктеріне емес, облыстың білім басқармаларына бағынатынының оң әсерін атап өтті. Бұл бірден ауқымды проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, мұғалімдердің тікелей міндетінен тыс функцияларға жиі араласуы. Әріптестер бұрын өздерінің түрлі іс-шараларға қатысып, негізгі жұмыстарынан алшақтап қалатын кездерін еске алды. Қазір жағдай мүлде басқаша, себебі педагогтер заң бұзылған жағдайда құқықтары қорғалатынын біледі. Өйткені білім бөлімдері қазір білім беру мәселелерімен тікелей айналысады, — деді министр. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тамақтану және баға саясатын қалыптастыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, әдістемелік кабинеттердің жұмысы, колледж студенттерінің жатақханасын күтіп ұстау, арнайы пәндерді оқыту, оқу жүктемесі мәселелері талқыланды. Нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін ұсыныстар да айтылды.
    Жиын соңында Асхат Қанатұлы кездесуге қатысқан барша тұрғындарға уақыт бөліп, білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғысын білдірді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.