Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
    Аймақ

    КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

    15.07.2022
    Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті.
    «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы дамуы жайында баяндама жасады. «Кентау қалалық музейі» МКҚК директоры Ж.Жиренбаев Қазақстанда кен орындарына арналған музей екеу ғана болса, соның біреуі Кентау қалалық музейі екенін атап өтті. Музейдің бүгінгі таңдағы тынысы жайында мәлімет берді.
    Түркістан облысы туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің басшысы Д.Асанхан «Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбы бойынша баяндады.
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өкілі Н.Азизов туризм бағытына берілетін несиелер мен субсидиялар бойынша мәлімет берді. Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Г.Ахбердиева «Түркістан облысының туризм саласының жағдайы» тақырыбында баяндама жасаса, «Open Turkistan» ЖШС бас директоры А.Абдримова Түркістан облысының туризм саласының басым бағыттарына тоқталды. Ал Кентау қаласы әкімдігі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы С.Нарбек Airbnb бағдарламасын қолдану жағы бойынша ақпарат беріп өтті.
    Жиында туризм саласына қызығушылығы бар кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып қажетті жауаптар берілді. Жиын соңында аталмыш демалыс аймағының басшысы Керімжан Сырлыбаев пен «Nad Al Shiba Investment» компаниясының өкілі, яғни инвестор арасында меморандумға қол қойды. Болашақта біршама адамды жұмыспен қамтитын демалыс аймағында 50 адамдық қонақүйі бой көтеріп, шомылу аймағы және атпен серуендеу секілді шаралар жүзеге асырылады деп күтілуде.
    Жалпы, Кентау қаласы Қаратаудың етегінде орналасқан табиғаты ерекше қала. Мұнда туристік бағытта дамытамын дейтін кез-келген жанға мүмкіншіліктер көп. Жері қолайлы өңір.
    Кентау қаласы бойынша туристік нысандары: «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, қалалық музейі, Қарнақ ауылындағы Шаммат Ишан мешіті, 1000 жылдық тарихы бар Тұт ағашы. Қала әкімдігі туризм саласындағы өміршең және ерекше жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлармен әріптестік орнатуға әзір.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.