Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

18.04.2023
Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін-2050» бағдарламасы 2014 жылы бастау алды. Талай жас теріскейге барып, білім алды, біразы сонда тұрақтап қалды.
Бұл бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 2022-2023 оқу жылына 3653 грант бөлінген. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатыса алады. Ал гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы облыстарында орналасқан университеттерге бөлінеді. Гранттар білім, техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы мен медицина саласын қамтиды.
Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапарында: «Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жастарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын түркістандықтар иеленді» деген болатын. Аталған бағдарлама биыл да жалғасып жатыр. Таяуда Келес ауданының мектеп бітіруші түлектеріне «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы насихатталды.
Кездесу аясында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтытының педагогика және филология факультетінің деканы, белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев институттың ерекшелігін айтып, түлектерді «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасымен Қостанай облысына оқуға шақырды.
– «Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр. Сол жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына Түркістан облысы бойынша түлектерді шақырумен айналысып келемін. Бұл бағдарламаның тиімді жақтары өте көп. Осы бағдарлама арқылы түлектер солтүстік аймақтардағы жоғары оқу орындарында арнайы грантпен оқи алады. Біздің Арқалық педагогикалық институты тек қана педагог мамандарды дайындайтын оқу орны болғандықтан біздің түлектерімізге сұраныс өте көп. Жастар оқыған өңірлерде қоныстап қалған жағдайда толық жұмысқа орналаса алады. Соның ішінде Астана қаласында жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоғары. Сондай-ақ, бұл бағдарламада түлектер жалпы конкурсқа түспейді, себебі «Серпін» бағдарламасына бөлінген гранттарға жеке конкурс ұйымдастырылады, — деді Айбек Қалиев.
Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өкілдері мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесе отырып, бітіруші түлектерге «Серпін-2050» бағдарламасының маңыздылығын және тиімділігін түсіндіріп, ашық форматта әңгімелесті.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі Сауран, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек аудандарының мектеп түлектеріне «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы насихатталған болатын.
Алдағы уақытта «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша басқа да аудан, қалаларда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.