Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Болашағымызды жұлынқұрт жалмамасын десек…
    Қоғам

    Болашағымызды жұлынқұрт жалмамасын десек…

    12.01.2024
    Бүгінде «Facebook» желілері мен телеарналардағы жарнамаларға қарап отырсаңыз, «бос жұмыс орындары» толып жатыр. Айталық, «Жетекші керек! Айлығы 300 мың теңге» деген жарнаманы қарап отырып таң қаласыз. «Бастықтың орынбасары керек. Айлығы 250 мың теңге». Бұл не деген батпан құйрық?

    Сөйтсек, жарылқаушы жарнамашылардың құпиясы көп болып шықты. Айталық, олар қазір түрлі сайт арқылы жастарды есірткі таратуға тартып жатады. Әуелі онда жоғары жалақысы бар курьерлік орын бар екендігі туралы хабарландыру ілінеді. Бұл жастар үшін тиімді де пайдалы жұмыс болып көрінеді. Ал, жұмыс берушілер байланыс орнатып алғаннан соң жастарға оңай жерде ақша жоқ екенін жасырмай айтады. Қаржыдан қиналып жүргендер осындай «бос жұмыс орындарының» құрбанына айналады екен.

    Түркістан облысының штаттан тыс бас наркологы Қ.Әбеновтің мәлімдеуінше, мәжбүрлеп емдеуге қарағанда ерікті түрде сауығу үшін ниет етіп келушілер көп. Әйтсе де, психикалық белсенді заттарға тәуелді науқастарға арналған медициналық оңалту бөлімшесінде – 15, Сарыағаш қаласында – 20, Түркістанда 20 төсек-орын жасақталып, аудандық медицина ұйымдарында 20 психикалық денсаулық кабинеттерінің жұмыс істейтіні әлі де есірткіге еліткен жастардың азаймай тұрғанын аңғартады.

    2022 жылы облыс бойынша 400-ге жуық есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылық фактілері анықталған. Соның ішінде есірткі сатудың – 20, ірі көлемде есірткі сақтаудың – 21, есірткі контрабандасының – 60, есірткі жарнамалау мен насихаттаудың – 5, құрамында есірткі заты бар өсімдік егудің 70 дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан 400 келіден астам есірткі заттары алынып, тәркіленген. Соның ішінде 55 келіден астам марихуана, 5 грамм героин, 5 келіден астам гашиш, 415 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Өткен жылы да есірткі саудасы мен қылмысына қатысты осы шамада деректер анықталған.

    Ақпараттық технологиялардың дамуы адамзат баласына үлкен игіліктер сыйлап келе жатыр дегенімізбен, оның зиянды тұстары да жетіп артылады. Ақпараттық технологиялармен ілесе келген лудомания дерті жастардың жұлынқұрты болып тұр. Бүгінгі есірткі делдалдары тауарын интернет арқылы да сататын болып алды. Айталық, 2022 жылы 214 есірткі сайты анықталып, олар бұғатталған. 2013 жылғы көрсеткіш те бұдан кем емес. Осы бір дертті тізгіндеудің жолы бар ма?

    Жыл сайын халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы үрдіс күні аясында Түркістан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық әкімдікпен, жастар орталығымен бірлесіп, «Есірткісіз болашақ» атты іс-шара өткізеді. Осы шара барысында нашақорлықтың алдын алу тақырыбында түрлі лекция оқылып, акциялар өткізіледі. Тәртіп сақшылары жастарды қатыстыра отырып, спорттық марафон ұйымдастырады. Таңертеңгілік жаттығудан басталған шара велосипедшілер шеруіне ұласады. Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері өнер көрсетеді. Сонымен бірге полиция қызметкерлері көпшілік орындарда, саябақтар мен көшелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұдан тыс жер-жерлерде «Есірткісіз болашақ» акциясы өтеді.

    Бізде әлі де «Трамадол» дәрілік препаратын сатумен айналысатындар тыйылмай отыр. Ақша үшін ардан безген кейбір фармацевтерді де анықтап, оларға қатаң шара қолдану керек-ақ. Иә, есірткіге құмарлық қылмысқа итермелейтін бірден-бір себеп. Жастар бойындағы жұлынқұртты жұлып тастаймыз десек, тек даталы күні ғана емес, жылдың барлық күнінде сақтық шараларын сақтай білуіміз керек.

    С.Олжабай.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.