Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

    03.06.2024
    Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында халықаралық «Ipek Yolu» балалар және жас таланттар өнер фестивалі өтті. Түркия Республикасының «Maltepe Üniversitesi Konservatuvar», Халықаралық «Ipek Yolu» балалар фестивалінің Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына қатысқан Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Мейірхан Рахым жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін Гран-при иегері атанды.
    Халықаралық байқауға әлемнің барлық мемлекеттерінен талантты жастар қатысып, бақ сынады. Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына баға берді. Ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Татьяна Матвееваның қолдауымен, әуезді дауысымен, өнерін шыңдай білген жас талант иесі бас жүлдені жеңіп алды.
    Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдап өскен Мейірхан тума талант иесі. Осы кезге дейін аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, өнерімен өрге шықты. Республикалық балалар шығармашылық «Bala Fest» фестивалінде бас жүлде иеленсе, ал «Zhibek zholy Kazakhstan» байқауының Гран-при иегері атанды. Осы байқау нәтижесімен Түркияға арнайы жолдама ұтып алып, талантымен әлемдік деңгейдегі сарапшылардың таңдайын қақтырып, еліміздің абыройын асқақтата білді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.