Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аймақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

01.08.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Alatau» медиа орталығына барып, жұмысымен танысты. 300 адамға арналған, 4 қабатты заманауи орталықта «Turkistan» телеарнасының ұжымы, Ақпараттық талдау орталығы, Өңірлік коммуникация қызметінің мамандары, республикалық БАҚ-тың тілшілер қосыны («Хабар», «24kz», «Қазақстан» ҰТА телеарналары), «Turkistan» телеарнасы мен жергілікті үш газет редакциясының тілшілері жұмыс істейді.
Медиа орталықтағы әр қабатта редакторлар кабинеті, 4 бейнемонтаж, жеке дыбыс жазу және радио студиясы орналасқан.
БАҚ өкілдері жұмыс істеуі үшін ғимарат ішінде журналистер үшін кабинеттер, телестудия, монтаж кабинеттері, дыбыс жазу студиясы, конференция залы, және асхана бар.
Облыс әкімінің орынбасары «TURKISTAN» телеарнасының тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы жоспарларын тыңдады.
«Біздің мақсатымыз – телеарнаны жаңа деңгейге көтеру, рухани-мәдени бағытта жаңа жобалар әзірлеу керек. Жақсы бастамаларды қолдауға дайынбыз. Техникалық-материалдық база өте мықты. Заманауи техниканың күші, креативті мамандардың біліктілігімен бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз деп сенемін!», – деді Ертай Кенжебекұлы.
Айта кетейік, «TURKISTAN» телеарнасы 2021 жылы 22 наурызда өз жұмысын бастады. Тәулігіне хабар тарату уақыты – 18 сағат. Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаның өзіндік өнімнің эфирдегі үлесі – 85%, сыртқы өнім үлесі – 15%. 100-ден аса қызметкері бар телеарна 2022 жылы «Үздік аймақтық телеарна» номинациясы бойынша «Тұмар» сыйлығының жеңімпазы атанған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.