Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

02.08.2024
Бүгін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері онлайн және офлайн форматта қатысты. Ал жиынға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов төрағалық етіп, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлердің мәселелері қаралды.
Жиынға жалпы облыс бойынша жер қойнауын пайдаланатын 11 кәсіпорын өкілдері қатысты. Қаралған мәселелер қатарында пайдалы қазбаларды жылдық өндіру көлемін ұлғайту, жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті ауыстыру және кен орнында құмды қиыршық тас өндіруге арналған келісімшартты қайта рәсімдеу сынды сұрақтар бар.
Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан түрлі түйіткілді мәселелер көтеріліп, комиссия мүшелері оларды шешудің жолдарын түсіндірді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 195 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді.
Жиын қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, құжаттары талапқа сай кәсіпорындар өздерінің өндіріп отырған өнім көлемін ұлғайтуға сарапшылық комиссияның оң қорытындысын алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.