Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ҚҰНЫ 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 62 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ҚҰНЫ 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 62 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

07.08.2024
Биыл жартыжылдықтың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Ал, жалпы 2024 жылы құны 151,9 млрд. теңгені құрайтын 2 406 жаңа жұмыс орнымен 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді.
«Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылы шет елдерге іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс экономикасына шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталатын болды. Ірі жобалардың қатарында тоқыма кластерін құру бойынша «Лихуа Групп» компаниясы бар. Аталған компания облыста құбыр және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, жіп иіру, бояу және әрлеу фабрикасын, тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлауда. Биыл Қытай, Түркия және Корея елдеріне іс-сапарлар ұйымдастырылды. Сапар аясында облыстық делегация маңызды жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді», — деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, облыстың өнеркәсіп саласында биыл өнім көлемін 1 трлн 120 млрд теңгеге және өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемін 510 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2024 жылдың 6 айдың қорытындысымен салада 551,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8%-ға өскен. Қазіргі уақытта облыста 1 003,2 гектарды құрайтын 13 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аумақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл қосымша 30 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.