Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ІІІ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ІІІ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

09.08.2024
Бүгін Ордабасы ауданында ІІІ облыстық кітапханашылар слеті өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен жиын ашық аспан астындағы кітап көрмесін таныстырудан басталды. Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков ашып, құттықтау сөз алды. Сондай-ақ, кітапханашылар жиынына композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, белгілі журналист Роза Нарымбетова бастаған зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі кітапханашылар қатысты.
«Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өңірдегі 399 кітапхананың бүгінгі жай-күйіне тоқталып, алда тұрған міндеттерді пысықтады. Келген қонақтар кітапхана ісінің елдің бүгіні мен болашағы үшін алар орны ерекше екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ордабасылық кітапхана майталмандары сөз алып, слеттың маңыздылығына тоқталды. Слеттың екінші сессиясы спикерлердің баяндамасымен жалғасты.
«Түркістан облысы кітапханалары: күрделі мәселелер мен даму жағдайы», «Ордабасы аудандық кітапханалар жұмысы: жағдайы мен жетістіктері», «Түркістан облысы кітапханаларының 2023-2024 жылдардағы жағдайы: аналитика», «Кітапхана саласындағы ер азаматтардың рөлі», «Қазіргі заманғы кітапхана менеджменті» тақырыбында тарқатылған баяндамалар кітапханашылардың алдағы жұмысын оңтайландыру жолында көмекші құрал бола алады.
Кітапханашылар слеті барысында мамандардың шетелдік кітапханалармен байланысып, тәжірибе алмасу, өзге облыстардың үздік мамандарымен онлайн түрде курс алу, кітапханашы мамандығына ер адамдарды тарту туралы ойлар ортаға салынды. Пікір алмасты. Шара соңында Ордабасы ауданының үздік кітапханашылары марапатталды.
Айта кетейік, аталған жиын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының және Ордабасы ауданының әкімдігінің қолдауымен, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.