ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 19 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

ais_media ais_media
14.08.2024
Аймақ, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Абдиев арнайы жұмыс сапарымен келді. Облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан 2000 орындық «Жайлы мектеп» алаңына барып, құрылыс жұмыстарының деңгейін бақылады. Аталған нысанның құрылыс сапасын тексеру үшін Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған жергілікті халық қалаулылары да қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырған болатын. Президент айтқан жаңа мектептер ең заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталуы тиіс. Бастауыш және орта сыныптарды жеке асханалары, жуынатын бөлмелері, спорт залдары бар бөлек блоктарда оқыту ұсынылады.
Мәжіліс депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында білім беру орындарының құрылысы маңызды екенін атап өтті. «2000 балаға арналған білім ошағының құрылысы қарқынды, өзінің кестесімен келе жатыр. Алайда атауы «Жайлы мектеп» болған соң барлық жағынан жайлы, қолайлы болғаны дұрыс. Байқағаным, бастапқы жобада болған 2 лифтінің саны тапсырыс беруші тарапынан қайта түзетіліп, 1-еуге азайыпты. Ал 2000 балаға 1 лифтінің болуы ақылға қонбайды. Осы жәйтті қайта қалпына келтіруді ұсынамын. Одан бөлек, мүгедек жандарға арналған механикалық сатыны пандусқа айналдырған жөн. Себебі механикалық саты көп жағдайда тез бұзылып қалады және оны арнайы бір маман үнемі қадағалап отыруы тиіс. Біз дәл қазіргі әдемілікті емес, оның адамдарға бірнеше жыл қызмет ететін жайлы, тиімді жағын қарастырумыз керек» деді Мәжіліс депутаты.
Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 49 мың оқушыны қамтитын 63 «Жайлы мектеп» салынады деп жоспарланған. Түркістан қаласының Жаңа қала аумағындағы 42-ші көшеде салынып жатқан заманауи білім ұясының құрылысы өткен жылы басталған нысандардың бірі.
Бой көтеріп жатқан нысанның атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мердігер компания «Каратас Майнинг» ЖШС-і жауапты өкілі баяндады. Партиялық бақылауға алынған нысан 4 қабатты. Құны 8 млрд теңгені құрайтын ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 шаршы метр, ал аумағы 4 гектар. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған мектепті биыл қараша айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Дәл қазір қас беттерін әрлеу, спорт залды сырлау және ішкі жұмыстар атқарылып, аула реттеліп жатыр. Мектептің мейлінше тез, сапалы бітуіне 170-ке жуық құрылыс маманы жұмылуда.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МЕН АРЫСТАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ КЕНТАУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ КЕНТАУДА

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ КЕНТАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.