Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 200 КЕЛІГЕ ДЕЙІНГІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОШҚАРЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 200 КЕЛІГЕ ДЕЙІНГІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОШҚАРЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

18.08.2024
Арыс қаласында тұқымы сирек қошқарлардың облыстық көрме сайысы өтті. Қалалық Орталық Стадионда өткен шараға қой бағып, қошқар баптаған облыс көлемінен үміткерлер 200-ден аса қошқар әкеліп, өзара бақ сынасты. Көрмені арыстық кәсіпкер, Алмаз Шүкірбеков пен қаланың белсенді шаруа қожалықтары ұйымдастырды.
Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, көрменің маңыздылығына тоқталды. Игі істі ұйымдастырушылар мен мал басын асылдандыру бағытында еңбек етіп жатқан шаруаларға сәттілік тілеп, шын ризашылығын білдірді.
«Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Ендеше, шаруаларымыздың ісі берекелі болсын», — деді шаһар басшысы.
Көрмеге алыстан арнайы келген құрметті қонақтар, асылтұқымды қой өсіруші шопандар мен ірі шаруақожалықтар қатысты. Құрметті қонақтар қатарында белгілі журналист, бүгінде асыл тұқымды қошқарларды өсірумен айналысып жүрген Берік Сұлтан, ережесіз жекпе-жек шебері Арман «Сұңқар» Оспанов та бар. Олар көрменің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, мұндай көрмелер Шопан ата түлігін асылдандыруға серпін береді деген тілектестік білдірді.
Мұнда құйрықты қылшық жүнді, қисары және арашан қой тұқымдары әкелінген. Бұл қошқарлар өзінің сұлулығымен көз сүріндіреді. Айталық қисары қойлары алқымы кең, арқасы тегіс, аяғы жуан. Қылшық жүні ажарларын аша түссе, дөң тұмсықтары айбат береді. Ал батпан деп бағаланған айыр құйрығы салмақтарына сән қосады.
Көрме сайыстың ережесі бойынша қазылар алқасы қойлардың салмағы мен бойына және экстерьеріне қарай бағалады. Көрмеде екі тіс қошқардың салмағы 145, сақа қошқарлардың салмағы 200 келіге дейін жетті.
Сайыс соңында екі тіс бойынша әрі ең жоғарғы салмақ көрсеткен, Берік Сұлтанның салмағы 144 келілік «Мүсін» қошқары дара шықты. Белгілі арыстық қойбегі Ақылбек Әлжанның «Гектар» атты қошқары 105,5 см бойды көрсетіп, биіктік бойынша чемпион атанды. Ал абсолютті салмақта Бақберген Әлжановтың «Куба» атты қошқары экстерьер бойынша үздік болды. Шымкенттен келген Бақтияр Балажанның әйгілі «Тұран» қошқары 195 келімен жеңімпаз болып танылды. Қазылар алқасының шешімімен салмағы, бойы және келбеті ескеріліп, үздік қошқар иелеріне Алғыс хаттар мен чемпиондық белбеу, және кубоктар табысталды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда асылтұқымды өсіруші шаруалар әр басқа мемлекеттен субсидия ала алады. Оның ішінде асыл тұқымды отандық қойларды сатып алғаны үшін 15 мың теңгеден, егерде шет мемлекеттерден сатып алған болса, аналық басына 30 мың теңге, қошқарларға 150 мың теңгеден субсидия бар. Асылтұқымды мал басына қатысты субсидия алу бойынша тұрғындар қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.