Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Мәдениет»Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті
Мәдениет

Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті

21.03.2025
Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік ісшара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оған дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Құрметті, халайық. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Өздеріңіз білетіндей, қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Қазіргі уақытта дәстүрге сай өздеріңізбен Достық үйінде бас қосуымыз жалғасуда. Бұл Наурыз мерекесі сонау тарихы терең ата-бабамыздан келе жатқан, бүгінде ұлт пен ұлыстың басын қосып, еліміздің мызғымас бірлігінің айқыны. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің нағыз көрсеткіші деп айтуға болады. Барлықтарыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов.
Іс-шара барысында қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Алаңда киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, қазандарда наурыз көже дайындалды. Театрландырылған қойылымдар, қазақтың салт-дәстүріне арналған көріністер көрсетілді.
Әр этнобірлестік мәдениетін таныстырып, ерекше өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың жеңімпаздары алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Наурыз – көктемнің, жаңарудың, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі. Бүгінгі Достық үйіндегі Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын», — деді Астана қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Жанна Әбдуәлі.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.