Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»2025 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 14,9 МЫҢНАН АСТАМ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМҒА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КӨРСЕТІЛДІ
Қоғам

2025 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 14,9 МЫҢНАН АСТАМ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМҒА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КӨРСЕТІЛДІ

13.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған (28,9%).
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4% — на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылады. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191 адам, жастар практикасына – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3248 адам, «Алғащқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 4 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша – 333 адам жұмысқа орналастырылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 726 адам аяқталғаннан кейін сертификаттар алды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.
Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Барлығы 226 арнайы жұмыс орны құрылды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.