Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Руханият»ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Руханият

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025

Бүгін, Шымкент қаласы Өңірлік Коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында, қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді және дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров қатысты. Олар журналистердің қойған өзге де сұрақтарына жауап беріп, мерекелік іс-шаралар мен діни рәсімдер жайлы жан-жақты ақпарат берді.
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Бұл — шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті білдіретін мейрам. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп айтылған. Осы аяттан аңғарғанымыздай, Құдай жолындағы амалдар риясыз, таза ниетпен орындалуы тиіс. Қаржылық жағдайы жеткілікті әрі жолаушы емес мұсылманға құрбан шалу — уәжіп. Ал шамасы келмейтіндерге ондай міндет жүктелмейді. Дегенмен, мереке күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға қамқорлық көрсету — сауапты іс.
Басынан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз бұл мейрамды ерекше дайындықпен қарсы алып келеді. Құрбан айт күні үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж жандарға құрбандық етін тарату сынды игі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. ҚМДБ-ның «Раббың үшін құрбан шал» атты қайырымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, шын ықыласпен жәрдем беріледі.
Баспасөз мәслихатында қашықтан құрбан шалуға арналған qurban.muftyat.kz сайты таныстырылды. Сонымен қатар, қала әкімдігімен бірлесіп «Балаларға базарлық» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылатыны жөнінде хабарланды.
Шымкент қаласындағы барлық мешіттерде Құрбан айт намазы 2025 жылғы 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Айт намазына ерлер мен әйелдер бірдей қатыса алады. Бұл — мұсылман қауымы үшін рухани бірігудің, ізгілікке үндейтін қасиетті сәті.
Бұдан бөлек, Шымкент орталық мешіті жанынан құрылған «Құрбан айт Call-Center» орталығы (+7708 478 57 22) діни сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарға кеңес береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ ПРИХОЖАНЕ МЕЧЕТИ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ

18.09.2026

МЕШІТКЕ КЕЛУШІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

18.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.