Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН WUHAN FINANCIAL HOLDINGS GROUP АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН WUHAN FINANCIAL HOLDINGS GROUP АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    11.06.2026

    Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ухань қаласында Wuhan Financial Holdings (Group) компаниясының партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен маңызды кездесу өткізді. Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг ретінде белгілі.
    Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті өңірлік деңгейде одан әрі нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Түркістан облысындағы әлеуеті мол жобаларды қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
    Нұралхан Көшеров өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас соңғы жылдары жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Мемлекет басшыларының бастамасымен қалыптасқан жоғары деңгейдегі саяси диалог өңіраралық байланыстардың дамуына да қуатты серпін беретінін жеткізді.
    Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, бүгінде өңірдің Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі екенін атап өтті. Индустриялық өндіріс, агроөнеркәсіп кешені, туризм және инфрақұрылым салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, қытайлық инвесторларды осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
    Кездесудің негізгі мақсаты Түркістан облысындағы инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі болды. Осы бағытта «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын негізгі қарыз алушы, облигация эмитенті немесе жобалық оператор ретінде қарастыру ұсынылды.
    Өңірлік даму институты мәртебесіне ие «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық жобаларды әзірлеу, қаржыландыруға қатысу, инфрақұрылым мәселелерін үйлестіру, сондай-ақ жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асырады.
    Кездесу барысында компанияның халықаралық қаржылық көрсеткіштері де таныстырылды. Бүгінде корпорацияның активтері 220 миллион АҚШ долларын құрап, меншікті капиталы 54 миллион АҚШ долларына жеткен. Сонымен қатар халықаралық S&P Global Ratings агенттігі тарапынан «B/B» және ұлттық шкала бойынша «kzBB+» рейтингтері беріліп, болжам «Тұрақты» деңгейінде бағаланған.
    Тараптар қаржылық ынтымақтастықтың екі негізгі тетігін қарастырды. Облыс басшысының айтуынша, мұндай қаржылық құралдар Түркістан облысы үшін юаньмен қаржыландырудың жаңа арнасын қалыптастырып қана қоймай, Wuhan Financial Holdings Group компаниясына Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығудың тиімді әрі сенімді платформасын ұсынады.
    Қазіргі таңда Түркістан облысында қаржыландыруды қажет ететін жобалардың нақты пулы қалыптасқан. Олар агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіптік парктер, туризм индустриясы және өңдеу өнеркәсібі бағыттарын қамтиды. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
    Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді қаржылық әріптестікті дамытуға және нақты инвестициялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді.
    Түркістан облысы мен Wuhan Financial Holdings Group арасындағы басталған диалог Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің экономикалық байланыстарын нығайтуға қызмет етеді. Сонымен қатар бұл келіссөздер Түркістан өңіріне халықаралық капитал тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
    Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг Wuhan Financial Holdings (Group)ретінде белгілі. Компания банк, бағалы қағаздар, траст, сонымен қатар жартылай өткізгіштер мен заманауи логистика сияқты салаларды қамтитын 20-дан астам лицензияға ие.

    Кездесу барысында тараптар қаржы саласындағы әріптестікті тек инвестиция тартумен шектемей, заманауи қаржылық құралдарды енгізу, бірлескен инвестициялық қорлар құру және жобаларды халықаралық қаржы институттарының талаптарына сәйкес құрылымдау мәселелеріне де назар аударды. Сонымен қатар өңірдегі басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, тәуекелдерді тиімді басқару және ұзақ мерзімді әріптестік қағидаттарын сақтау бағытында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

    Өз кезегінде Wuhan Financial Holdings (Group) компаниясының басшылығы Түркістан облысының инвестициялық ахуалына оң баға беріп, өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті, қолайлы географиялық орналасуы және мемлекеттік қолдау тетіктері халықаралық инвесторлар үшін тартымды екенін атап өтті. Компания өкілдері алдағы кезеңде нақты инвестициялық жобаларды жан-жақты зерделеп, оларды қаржыландырудың тиімді модельдерін бірлесіп әзірлеуге және өзара ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейтуге қызығушылық білдірді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.