Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«ALMATY REGIONAL YOUTH FORUM — 2026» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
    Жаңалықтар

    «ALMATY REGIONAL YOUTH FORUM — 2026» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.08.2026

    Алматы қаласында Almaty Regional Youth Forum 2026 өңірлік жастар форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Өңірлік алаң Орталық Азия елдерінің жас көшбасшыларын, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, жеке сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен  жастардың белсенділігін арттыруға, тұрақты дамуды ілгерілетуге және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

    Форум бағдарламасы аясында жоғары деңгейдегі панельдік пікірталастар, практикалық воркшоптар, табысты тұлғалармен мотивациялық кездесулер және жастар арасында өткен республикалық байқау нәтижесінде іріктелген 29 әлеуметтік жобаның көрмесі ұйымдастырылды. Форум аясындағы «Жаңа буынды қалыптастырудағы университеттердің рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі панельдік сессияға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Стратегиялық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек қатысты.

    Проректор  Шымкент жастарының әлеуеті және университеттердің жаңа буын көшбасшыларын қалыптастырудағы рөлі туралы пікір білдіріп, академиялық біліммен қатар жастардың бойында азаматтық жауапкершілік, көшбасшылық, сыни ойлау, командалық жұмыс, бастамашылдық және әлеуметтік белсенділік сияқты маңызды құзыреттерді дамыту қажеттігін атап өтті. Форум жастардың әлеуетін арттыруға, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға және өңірлік деңгейде жастар бастамаларын қолдауға бағытталды.

    Сессия барысында жоғары оқу орындарының жастардың білім алуына ғана емес, олардың ғылыми, кәсіби және қоғамдық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды орта екені айтылды. Бүгінде университеттер заманауи білім беру бағдарламаларын енгізіп, студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беруде. Осы бағытта жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты күшейтудің маңызы зор.

    Сонымен қатар өңірдегі жоғары білім беру ұйымдарының жастар бастамаларын қолдауы жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашатыны атап өтілді. Университеттерде студенттер мен жас зерттеушілердің жобаларын дамытуға, ғылыми ізденістерге қатысуына және түрлі білім беру алаңдарында тәжірибе жинақтауына жағдай жасау маңызды. Мұндай жұмыстар жастардың әлеуетін толық ашып, олардың ғылымға, білімге және инновацияға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

    Форум алаңында жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, университеттер арасында тәжірибе бөлісу және жастарға арналған тиімді бастамаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды. Өңірлік және халықаралық деңгейдегі осындай кездесулер жоғары оқу орындарының өзара байланысын нығайтып, білім мен ғылым саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға серпін береді. Бұл өз кезегінде Шымкент жастарының білім, ғылым және қоғамдық бастамалар бағытында жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне ықпал етпек.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.