Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    21.10.2026

    Бүгін университетте «Қоғамды ізгілендірудегі Абай ілімі және жасанды интеллект» олимпиадасы басталды. Зияткерлік сайыстың алғашқы кезеңі университеттің Тест орталығында өтіп жатыр. Қатысушылар ұлттық құндылықтар, Қазақстан тарихы, мәдени мұра және азаматтық жауапкершілік тақырыптары бойынша білімдерін сынауда.

    Барлығы 6 топтан 38 қатысушы білімін сынайтын олимпиаданың басты мақсаты – Абайдың «Толық адам» ілімін заманауи технологиялармен ұштастырып, білімді, рухани кемел әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру. Олимпиада 4 негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «Ұлттық рух және құндылық» деп аталса, «Ұлттық ойындар — ұлттық рух» кезеңінде қазақтың ұлттық ойындары бойынша интеллектуалдық және физикалық жарыстар болмақ. Ал, «Абай және Толық адам», «Жасанды интеллект және болашақ» кезеңі жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін меңгеріп, оны өмірдің түрлі салаларында қолдану және ұлттық ойын мазмұнымен практикалық тұрғыда ұштастырмақ.

    Аталмыш зияткерлік сайыс студенттердің IT-дағдылары мен цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ұлттық заманауи кодты сақтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алгоритмдерін гуманитарлық ғылымдармен және Абай мұрасымен байланыстыра зерттеу – отандық білім беру жүйесіндегі соны бастамалардың бірі болып табылады. Жастардың бұл бағыттағы ізденістері келешекте инновациялық жобалардың дүниеге келуіне негіз болады.

    Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсеткен топтардың идеялары университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарында ары қарай дамытылмақ. Мұндай сапалы әрі мазмұнды шаралар білім ошағында дәстүрлі түрде тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.