Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «SHE RUG 2026» КӨРМЕСІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «SHE RUG 2026» КӨРМЕСІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

    10.11.2026

    Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай «SHE RUG 2026» халықаралық деңгейдегі көрмесі мен ғылыми-тәжірибелік семинардың салтанатты ашылуы өтті. Тағылымды іс-шараны аталған білім ордасының жанындағы Өзбекәлі Жәнібеков ғылыми-зерттеу орталығы мен «SHE RUG» жобасының негізін қалаушы әрі кураторы, «ShyraQ» компаниясының директоры Сандуғаш Бейсенбекова бірлесіп ұйымдастырды.

    Ауқымды жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев, өнертанушы ғалымдар, этнографтар, кәсіби қолөнер шеберлері, суретшілер мен болашақ педагог-студенттер қатысты. Жиынның ашылуында сөз сөйлеген ректор Қайрат Рахымұлы ұлттық мәдени мұраны ғылыми тұрғыда сақтау, оны жаңғырту және жас ұрпаққа жүйелі түрде жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және рухани құндылықтарды нығайту бағытындағы басымдықтарды атап өтті. Сондай-ақ Өзбекәлі Жәнібековтің халқымыздың этнографиялық мұрасын жинақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу жолындағы өлшеусіз еңбегіне тоқталып, қайраткер есімін иеленген жоғары оқу орны үшін ғылым мен ұлттық өнерді ұштастыратын осындай бастамалардың айрықша мәні бар екенін жеткізді.

    Көрме аясында Түркістан облысы ауылдарындағы шебер әжелердің қолынан шыққан, жарты ғасырлық тарихы бар көне алашалар мен кілемдер ұсынылып, олардың жасалу технологиясы мен этнографиялық тарихы таныстырылды. Суретші, гобелен шебері, PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Флоберұлы, текстиль шебері Гүлжаһан Оңғарова мен ҚР Суретшілер одағының мүшесі Айгүл Қырықбаева гобелен өнерінің ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырып, дәстүрлі кілем тоқу техникасы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Өз кезегінде «ShyraQ» компаниясының директоры Сандуғаш Бейсенбекова дәстүрлі қолөнердің заманауи интерьер, дизайн және креативті индустриялардағы ғылыми-практикалық әлеуеті туралы баяндама жасады.

    Іс-шараның басты мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің этнографиялық мұраны зерттеудегі ғылыми жолын жастар арасында насихаттау және дәстүрлі өнерді заманауи білім беру үдерісіне кіріктіру. Жиын соңында университет ғалымдары, қолөнер шеберлері мен «ShyraQ» компаниясы арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және дуалды оқытуды дамыту жөнінде келісімге келді. Көрме университет қабырғасындағы ғылыми-танымдық конференцияға ұласып, студенттер ауыл шеберлерінен дәстүрлі кілем тоқу технологиясын тәжірибе жүзінде меңгермек.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026

    ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ

    12.11.2026

    12.11.2026

    АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ – АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

    12.11.2026

    ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

    12.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.