Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
    Жаңалықтар

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026

     

    Өңірлік университет қабырғасында «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тікелей ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтар арасында дәстүрлі «Мөлдіреген жыр сезім» атты VII республикалық әдеби байқауы өз мәресіне жетті. Бұл ауқымды да тағылымды іс-шара – Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, «Парасат», «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, отандық айтыс өнерінің қайта жаңғыруына өшес үлес қосқан бірегей тұлға Жүрсін Молдашұлы Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналып отыр. Маңызды рухани шараның негізгі мақсаты – өмірге құштар, өлеңге ғашық ерекше жандардың шығармашылық қабілетін шыңдау, рухани әлеуетін арттыру, олардың әдеби өнерге деген қызығушылығын жан-жақты қолдау және қоғамда инклюзивті мәдениетті орнықтыру болып табылады.

    Байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жауапты сала басшылары, басқарма өкілдері, зиялы қауым өкілдері, белсенді қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері арнайы қатысты. Салтанатты жиында университет Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушы барлық өнерпаздарға өзінің ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде университет басшысы мұндай мәні терең шаралардың қоғамдағы инклюзивті мәдениетті қалыптастырудағы, ерекше жандардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдаудағы, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеудегі баға жетпес маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі.

    Биылғы республикалық деңгейдегі байқауға еліміздің әр өңірінен келген І топтағы көру қабілеті бұзылған 11 үміткер өзара бақ сынасуда. Байқау шарты бойынша қатысушылар ақын Жүрсін Ерманның отты да мөлдір шығармаларын мәнерлеп оқып, поэзияның құдіретті тілі арқылы өздерінің жүрек сезімдері мен бай рухани әлемін көрермендерге шебер жеткізді. Сахна төрінде оқылған әрбір жыр жолы залдағы көрермендер мен қазылар алқасын ерекше толқытып, өнерге деген шексіз сүйіспеншілікті паш етті.

    Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен өнерпаздар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталатын болады. «Мөлдіреген жыр сезім» – бұл тек поэзияны ұлықтап қана қоймай, ерекше жандардың өнеріне зор құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы азаматтық белсенділігін артыратын, өмірге деген ынтасын шыңдайтын тағылымды да ауқымды мәдени-рухани жоба.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026

    ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ

    12.11.2026

    12.11.2026

    АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ – АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

    12.11.2026

    ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

    12.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.