Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
    Жаңалықтар

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026
    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді. Жұмыс тобының құрамында ҚР Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бар. Сапар аясында делегация мүшелері Кентау қаласы тұрғындарымен, өндіріс және энергетика саласының қызметкерлерімен кездесті.
    Алғашқы кездесу Кентау қаласы әкімдігінің ғимаратында өтті. Жиынды қала әкімі Жандос Тасов жүргізіп, республикалық жұмыс тобының мүшелерін шаһар тұрғындарына таныстырды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген ел экономикасын жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық экономиканы дамыту, инвестиция тарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев электр энергетикасы саласын дамыту, еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайту және электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге тоқталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, еңбек нарығын дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелерін түсіндірді. Ал Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және цифрлық экономиканы қалыптастыру бағытындағы басымдықтарды баяндады. Кездесуге Кентау қаласының 150-ге жуық тұрғыны қатысты. Сонымен қатар, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхтар Молжігітов пен қалалық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Бақытжан Аширбаев пікір білдірді.
    Бұдан кейін республикалық жұмыс тобы Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығына барды. Онда жұмысшы топ өкілдері кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті. Кәсіпорын 1952 жылы пайдалануға берілген. Нысанның негізгі қызметі – электр және жылу энергиясын өндіру. Кәсіпорында қазіргі таңда 241 қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында энергетика саласын жаңғырту, өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сала мамандарының еңбек жағдайлары мәселелері сөз болды. Вице-министрлер Жолдауда айқындалған міндеттерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

    12.11.2026

    ЖАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

    12.11.2026

    «МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

    12.11.2026

    ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ

    12.11.2026

    12.11.2026

    АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ – АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

    12.11.2026

    ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

    12.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    12.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.