Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академиктерін қабылдады. Кездесу барысында ғылым мен жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, академиялық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы мүмкіндіктер қарастырылды. Ректор университеттің ғылымды дамытуға бағытталған бастамаларына тоқталып, ғылыми әлеуетті арттыру, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. ҚР Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының ОҚ филиалы директоры, т.ғ.д профессор Жамбыл Әйменов, Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Махатов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Саипов, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Дархан Мырзалиев білім мен ғылымды ұштастырудың маңыздылығын атап өтіп,…
Автор: ais_admin
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапхана қоры 100 құнды ғылыми басылыммен толықты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, PhD докторы Алия Куралбаева университетке Гулхиз Пилтенмен бірлесе шығарған «Денвер II даму скринингтік тестінің қазақстандық стандарты» атты еңбектің 100 данасын сыйға тартты. Аталған еңбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырған гранттық жоба аясында әзірленген. Кітап – халықаралық Denver II даму скринингтік тестінің Қазақстан жағдайына бейімделген ұлттық стандарты. Бұл тест 0–6,5 жас аралығындағы балалардың даму деңгейін бағалауға арналған тиімді әдістеме болып табылады және олардың ерте жастағы дамуындағы ықтимал ауытқулар мен кідірістерді уақытылы анықтауға…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Түркияның беделді Гази университетінің филиалы талапкерлерді қабылдау науқанын бастады. 2026-2027 оқу жылына филиалға 100 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл бастама талапкерлер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, 150-ге жуық талапкер оқуға түсуге ниет білдірген. Іріктеу халықаралық талаптарға сәйкес екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен талапкерлер жазбаша емтихан тапсырып, өздерінің теориялық дайындығы мен академиялық білім деңгейін дәлелдеді. Осы кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер ғана келесі кезең — әңгімелесу емтиханына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Әңгімелесу барысында үміткерлердің кәсіби мотивациясы, педагогикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, болашақ мамандыққа деген көзқарасы жан-жақты бағаланады. Қабылдау емтихандарының әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында емтихандарды…
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Arizona State University (ASU) және Cintana Education өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен келді. Сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтіп, онда академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру және халықаралық серіктестікті кеңейту перспективалары талқыланды. ASU делегациясының өкілдері университеттің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, Honors College академиялық кеңістігін аралады. Сонымен қатар, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қатысатын профессор-оқытушылар құрамымен және университет қызметкерлерімен кездесті. Сапар аясында ASU Жаһандық академиялық бастамалар кеңсесінің жаһандық серіктестіктерді дамыту жөніндегі директоры Кристофер Джонсонмен сұхбат ұйымдастырылды. Ол әлемдік деңгейдегі білімнің әрбір студент үшін қолжетімді болуы маңызды екенін атап өтті. «Әуезов университеті…
Tashenev University-ге Португалиядағы ең ірі ғылыми-технологиялық парк – Taguspark бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейя ресми сапармен келді. Кездесудің басты мақсаты – ғылымды коммерцияландыру, инновациялық экожүйені дамыту және халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында тараптар технологиялар трансфері, стартаптарды қолдау бойынша еуропалық тәжірибені енгізу, жас ғалымдарға арналған бірлескен инкубациялық бағдарламалар құру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ білім беру үдерісін цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Сапар аясында Эдуарду Баптишта Коррейя университеттің заманауи инфрақұрылымымен танысты. Қонақ ең алдымен Жасанды интеллект зертханасын аралап, студенттердің жасанды интеллект, машиналық оқыту және үлкен деректерді талдау бағытындағы жобаларын тамашалады. Сонымен қатар инженерлік зертханада…