Автор: ais_admin

Маңызды саяси науқан — 2026 жылдың 23 тамызында өтетін ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары елімізде қарқынды жүруде. Осы орайда Түркістан облысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жанынан арнайы жұмысшы (мониторингтік) топ құрылып, өңірдегі сайлау учаскелерінің ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімділігі жан-жақты зерделенуде. Жұмысшы топтың негізгі міндеті — барлық сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтарға қаншалықты қолайлы екенін көзбен көріп, бағалау. Тексеру барысында сайлау учаскелеріне кіріп-шығу жолдары мен пандустардың халықаралық және отандық талаптарға сәйкестігі, есіктердің кеңдігі мен арнайы орындардың жабдықталуы, сондай-ақ санитарлық жағдайлар, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтардың қажетті ақпаратты кедергісіз қабылдауына арналған арнайы…

Read More

Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық іс-шарасы аясында халықаралық «Caspian Hackathon» хакатоны өтті. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен байқауда Түркістан облысының атынан қатысқан «Қызыл жебе» командасы 8 елден келген 80 команданың арасынан үздік атанып, жеңімпаз атанды. Хакатонның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, өзекті экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ экологиялық және мұнай-газ салаларында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді әзірлеуге ықпал ету. Байқауға 200-ге жуық қатысушы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Техникалық іріктеу нәтижесінде 30 команда финалдық кезеңге жолдама алып, өз жобаларын қазылар алқасының назарына ұсынды.…

Read More

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында орналасқан «Baidibek Agro» шаруа қожалығында халықаралық маңызы бар аграрлық жоба жүзеге асырылуда. Аталған бастама өңірдегі сүтті бағыттағы мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық тәжірибені жергілікті өндіріс процесіне енгізуге бағытталған. Жоба аясында Түркістан облысына Senior Experten Service (SES) халықаралық бағдарламасы арқылы Германия Федеративтік Республикасынан жоғары білікті аграрлық сарапшы Йозеф Фёгеле арнайы шақырылды. Бұл – жергілікті кәсіпкерлер үшін әлемдік тәжірибені тікелей өндіріс алаңында меңгеруге берілген бірегей мүмкіндік. Аталған жобаны жүзеге асыруда «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы маңызды рөл атқарды. Мекеме директоры Берік Кенжебаевтың айтуынша, орталық тарапынан SES халықаралық ұйымымен байланыс орнату, қажетті құжаттарды рәсімдеу, шетелдік…

Read More

Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіп келеді. Бүгін Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңір тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарының, сондай-ақ Түркістан және Арыс қалаларының тұрғындары келіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Азаматтар тарапынан автомобиль жолдарының жай-күйі, қоғамдық көлік қатынасы, жұмыспен қамту, көпірлердің жағдайы, тозығы жеткен жылу жүйелерін ретке келтіруге қатысты мәселелер көтерілді. Сонымен қатар тұрғындар Оқушылар үйіне көмек көрсету және білім беру саласындағы бірқатар түйткілдерді жеткізді. Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына көтерілген…

Read More

Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр. Шаһар басшысы тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, отбасыларына амандық, береке-бірлік пен шаңырақтарына жылулық тіледі. Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар. Айта кетейік, Шымкентте азаматтардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Көп қабатты үйлерді кезең-кезеңімен пайдалануға беру және қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалар тұрғындарға қолжетімді шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік…

Read More

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Bozjorga Bus» ЖШС-нің жаңа автобустарымен танысты. Қала ішіндегі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушының автопаркі бүгін 17 заманауи автобуспен толығып отыр. Қала әкімі қоғамдық көліктің құрамын жүйелі түрде жаңарту – саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Заманауи автобустар қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік талаптарына сай болып, тұрғындарға сапалы көлік қызметін көрсетуі тиіс. 14 тамыздан бастап жаңа автобустар әлеуметтік маңызы бар №72 бағытқа шығады. Аталған бағыт тұрғын алаптарын қаланың әлеуметтік және сауда нысандарымен байланыстырады. Автобустар төмен еденді платформамен, қозғалысы шектеулі жолаушылар мен балалар арбасын пайдаланатын жолаушыларға арналған пандустармен жабдықталған. Айта кетейік, Шымкентте автобус паркін кезең-кезеңімен…

Read More

11.08.2026  жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалы және Ресей Федерациясының Ташкент қаласында орналасқан Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісім түзілді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының университеттің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалын дамытудағы алға қойған басым бағыттарының бірі – әлемдегі алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейту және олармен тәжірибе алмасу барысында жоғары білікті мамандарды дайындау. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шетелдік ғалымдары берген сұхбатында Қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігінде жүйелі түрде ілгерілету және…

Read More

Жасанды интеллект — болашақтың технологиясы ғана емес, бүгінгі білім беру үдерісінің маңызды бөлігі. Тәшенев университетіндегі Жасанды интеллект зертханасында студенттер теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, заманауи технологиялық жобалармен жұмыс істеуде. Олардың қатарында түрлі дрондарды құрастыру, бағдарламалау және басқару бағыттары бар. Зертхананың дамуы, студенттердің IT және жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктері, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы толығырақ — IT және жасанды интеллект факультетінің деканы АйТи және жасанды интеллект факультетінің деканының сұхбатында. Ал сұхбат жүргізушісі де — жасанды интеллект технологияларының өнімі. Зертхана жұмысының басты ерекшелігі – студенттердің жаңа технологияларды дайын күйінде пайдаланумен шектелмей, олардың жұмыс істеу қағидаттарын тәжірибе жүзінде меңгеруінде. Дрондарды құрастыру барысында білім алушылар…

Read More

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары жасанды интеллектті педагогтың сенімді көмекшісіне айналдыратын жаңа ғылыми жобаны жүзеге асырмақ. Қазір мектепте мұғалімнің міндеті тек білім берумен шектелмейді. Ол — оқушының жеке дамуын бақылап, оның әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын дер кезінде байқап, қажетті қолдау көрсете алатын маман. Алайда әрбір оқушының көңіл күйі мен психологиялық ахуалын күнделікті бақылау оңай емес. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Перизат Әбдіразованың айтуынша,  зерттеу барысында педагогика, психология және жасанды интеллект бағыттары біріктіріліп, оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын талдауға және болжауға арналған интеллектуалды шешімдер әзірленеді. Ғалымдар жасанды…

Read More

Алматы қаласында Almaty Regional Youth Forum 2026 өңірлік жастар форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Өңірлік алаң Орталық Азия елдерінің жас көшбасшыларын, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, жеке сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен  жастардың белсенділігін арттыруға, тұрақты дамуды ілгерілетуге және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Форум бағдарламасы аясында жоғары деңгейдегі панельдік пікірталастар, практикалық воркшоптар, табысты тұлғалармен мотивациялық кездесулер және жастар арасында өткен республикалық байқау нәтижесінде іріктелген 29 әлеуметтік жобаның көрмесі ұйымдастырылды. Форум аясындағы «Жаңа буынды қалыптастырудағы университеттердің рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі панельдік сессияға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Стратегиялық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі…

Read More