Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде дене тәрбиесі мен спорт саласының қазіргі жай-күйі, білім беру мазмұнын жаңарту және цифрлы кезеңдегі дене тәрбиесі сабағын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев қоғам қайраткерлері мен спорт саласының мамандарын қабылдап, саладағы түйткілдер мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты. Кездесуде цифрландыру үдерісінің білім беру саласына ғана емес, дене тәрбиесі мен спортқа да елеулі өзгерістер әкеліп отырғаны айтылды. Профессор, Қазақстанға белгілі спорт ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы Бауыржан Досқараев спорт саласындағы кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне ерекше тоқталды. — Өркениетті елдерде «спорттық құқық» деген ұғым қалыптасқан. Спортшының жоғары нәтижеге жетуі тек жаттықтырушының…
Автор: ais_admin
2026 жылғы 8 тамызда Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «SHYMKENT IT CITY FORUM» халықаралық форумы жоғары деңгейде өтті. «Қазақстанның технологиялық егемендігі: адамдар, технологиялар, халықаралық әріптестік» тақырыбын арқау еткен маңызды іс-шара заманауи технологияларды дамыту, цифрлық трансформация, білім мен ғылымды интеграциялау, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Форумға отандық және шетелдік сарапшылар, IT саласының мамандары, бизнес өкілдері, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары мен университет қауымдастығы қатысты. Іс-шара барысында Веселин Бойчев, Панчо Панев, Сүлейменов Қанат Балтабайұлы, Әлімғазин Алтай Шүкімбайұлы, Қасенов Данияр Қайыржанұлы, Қозыкеев Тимур Нұржанұлы және Асылбек Лаура секілді спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар…
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласындағы университет филиалына жұмыс сапарымен барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Шыршық филиалы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен, 2023 жылғы үкіметаралық келісімдер негізінде және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы аясында ашылды. Сапар барысында ректор алдымен филиалдың Қабылдау комиссиясының жұмысын көріп, талапкерлерге көрсетіліп жатқан қызмет сапасына назар аударды. Сондай-ақ филиалдың материалдық-техникалық базасын, оқу аудиториялары мен зертханаларын аралап, білім беру үдерісіне жасалған жағдайлармен танысты. Кездесу барысында филиалдың алдағы даму бағыттары, білім беру сапасын арттыру, академиялық ұтқырлықты…
Zhanibekov University-де Fuzheng Education компаниясының өкілі Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергеновпен кездесу өтті. Кездесуге Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев, Ректордың кеңесшісі Мұқаш Ескендіров және Басқарма мүшелері-проректорлар қатысты. Кездесу барысында тараптар университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту, Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікті нығайту, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық алмасуын кеңейту, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрдаулет Хангелді университеттің халықаралық қызметі, Қытайдың жоғары оқу орындарымен қалыптасқан серіктестік байланыстары және алдағы ынтымақтастық жоспарлары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Үрімші қаласындағы серіктес университет базасында Өзбекәлі Жәнібеков орталығын ашу және болашақта Қытайда Zhanibekov University…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ғылым мен білім саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Бүгін екі жоғары оқу орнының басшылығы кездесіп, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және биотехнология бағытындағы зерттеулерді дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында 2026–2036 жылдарға арналған «Биотехнологияны дамытуға арналған ұлттық жоспар» аясында педагогикалық университеттің биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулері таныстырылды. Тараптар аталған бағыттағы ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және жас ғалымдарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова екі оқу орны арасындағы әріптестіктің медициналық және биотехнологиялық ғылымдардың дамуына тың серпін беретінін атап…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев техника ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым Әбдімәлік Әшіровті қабылдады. Кездесу барысында тараптар ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және өнертапқыштық қызметті қолдау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар университет жанынан ашылған, танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің атымен аталған шахмат мектебінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, аталған мектептің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Әбдіқадыр Яхияев пен шәкірттерінің жетістіктері таныстырылды. Өз кезегінде Басқарма төрағасы саналы ғұмырын жоғары білім мен ғылым саласына арнаған, университет тарихында екі мәрте ректор қызметін атқарған еңбек ардагері Әбдімәлік Әшіровтің мол тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі етіп, оқу орнының ғылыми-білім беру қызметінде тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісінде университеттің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – қосымша оқу корпусын немесе ғимаратын сатып алу болды. Бұл мәселе бойынша қаржы департаментінің директоры, бас бухгалтер Күмісай Қыстаубаева баяндама жасап, университеттің материалдық-техникалық базасын кеңейту қажеттілігіне тоқталды. Осыған байланысты қосымша оқу корпусын немесе ғимаратын сатып алу мүмкіндіктері, қаржыландыру тетіктері мен іске асыру жолдары Ғылыми кеңес мүшелерінің талқысына ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес университеттің оқу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бастаманы қолдады. Ал Ғылыми кеңес төрағасы, Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев студенттер контингентінің артуы, білім беру бағдарламаларының кеңеюі және оқу үдерісін заманауи талаптарға…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Қайрат Балабиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орнында эндаумент қорын құру бастамасы жан-жақты талқыланды. Жиынға Мәжілістің экс-депутаттары Болатбек Нәжімединұлы, Ерболат Саурықов, Әбутәліп Мүтәлиев, Данабек Исабеков, Мұқаш Ескендіров, Бауыржан Смағұлов және Нұрсұлтан Байтілесов қатысты. Басқосуда университеттердің қаржылық тұрақтылығын нығайту, академиялық дербестігін арттыру және білім беру сапасын ұзақ мерзімді негізде қамтамасыз етудегі эндаумент қорларының рөлі сөз болды. Эндаумент қорын құру тетіктері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-1-бабында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған. Бұл құқықтық негіз жоғары оқу орындарына қосымша қаржы көздерін қалыптастырып, инвестициялық…
Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2026 қорытындысы бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті педагогикалық жоғары оқу орындары санатында І орынға ие болды. Бұл – университеттің білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, цифрландыру бағытындағы жетістіктері мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі IQAA-Ranking тарапынан 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Рейтингтің негізгі мақсаты – талапкерлерге, ата-аналарға, жұмыс берушілерге, жоғары оқу орындарына және мемлекеттік органдарға білім беру ұйымдарының қызметі туралы объективті әрі жан-жақты ақпарат ұсыну, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінің сапасын бағалауға ықпал етуге…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары Қаңлы дәуіріне тиесілі қалашықтан құнды жәдігерлер тапты. Қазба жұмыстары барысында әртүрлі мақсатта пайдаланылған қыш ыдыстар, тұрмыстық заттар, диірмен тастары, дән үккіштер мен ғұрыптық бұйымдар табылды. Зерттеушілердің пікірінше, бұл жәдігерлер Түркістан облысындағы Үшбастөбе тұрғындарының мал және егін шаруашылығымен айналысқанын, кен өндіріп, темір балқытып, металл бұйымдарын көрші өңірлерге жөнелткенін дәлелдейді. Университет профессоры Александр Подушкин мен Гүлмира Стамқұлованың айтуынша, экспедиция барысында асүй, шаруашылық-тұрмыстық, дастарқан және ғұрыптық мақсатта пайдаланылған көптеген керамикалық бұйымдар анықталған. Оның ішінде астық сақтауға су тасуға және дастарқанға арналған құмыралар, қыш құтылар мен саптыаяқтардың сынықтары табылды. Ал соңғы 20 жылдағы ең маңызды жаңалық – антикалық шыны…