Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»УНИВЕРСИТЕТТЕ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ais_adminBy ais_admin27.07.2026Updated:13.08.2026Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Қайрат Балабиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орнында эндаумент қорын құру бастамасы жан-жақты талқыланды. Жиынға Мәжілістің экс-депутаттары Болатбек Нәжімединұлы, Ерболат Саурықов, Әбутәліп Мүтәлиев, Данабек Исабеков, Мұқаш Ескендіров, Бауыржан Смағұлов және Нұрсұлтан Байтілесов қатысты. Басқосуда университеттердің қаржылық тұрақтылығын нығайту, академиялық дербестігін арттыру және білім беру сапасын ұзақ мерзімді негізде қамтамасыз етудегі эндаумент қорларының рөлі сөз болды. Эндаумент қорын құру тетіктері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-1-бабында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған. Бұл құқықтық негіз жоғары оқу орындарына қосымша қаржы көздерін қалыптастырып, инвестициялық табыс есебінен өз дамуын тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Кездесуде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов эндаумент қорын қалыптастырудағы тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, университет бұл бағыттағы жұмысты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде Stanford University тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асыруда.

— Қордың басты ерекшелігі – қорға түскен қаражатты бірден материалдық қажеттіліктерге жұмсамау. Керісінше, негізгі капитал инвестициялық құралдарға орналастырылып, одан түсетін табыс университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға бағытталады. Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеде жоғары оқу орындарының ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді моделі ретінде мойындалған, — дейді Ерболат Байұзақұлы.

Эндаумент қорларын дамыту Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университеттердің қаржылық дербестігін күшейту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерімен сабақтас. Мұндай қорлар бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін көбейтіп қана қоймай, білім мен ғылымға қоғамның, түлектердің және бизнестің инвестициялық қатысу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Кездесу қорытындысында университет ректоры Қайрат Рахымұлы Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбековке эндаумент қорын құру бойынша көршілес жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеп, сала мамандарымен тәжірибе алмасуды және жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_admin

Related Posts

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖАҢА ОРТА

13.08.2026

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНА ЖАҢА ҒЫЛЫМИ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.