В международном аэропорту Алматы состоялась торжественная встреча мужской сборной Казахстана по фехтованию на шпаге, одержавшей историческую победу на чемпионате мира, прошедшем в Гонконге (КНР). Военнослужащие Национальной гвардии МВД Республики Казахстан при поддержке спортивного клуба МВД ARLAN — ефрейторы Руслан Курбанов, Ерлик Сертай и Вадим Шарлаимов — в составе мужской сборной Казахстана по шпаге вписали свои имена в историю отечественного спорта. На пути к золотым медалям сборная Казахстана уверенно преодолела сильнейших соперников. В 1/16 финала казахстанцы победили Финляндию — 45:39, затем в напряжённом поединке оказались сильнее Узбекистана — 28:27. В четвертьфинале была обыграна сборная Дании — 45:36, в полуфинале — команда…
Автор: ais_media
Алматы халықаралық әуежайында Гонконгта (ҚХР) өткен Әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткен қылышпен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын қарсы алу салтанаты өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ “Arlan” спорт клубының қолдауымен, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері — ефрейторлар Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов-Қазақстан ерлер құрамасының құрамында отандық спорт тарихына өз есімдерін жазды. Алтын медальдарға жету жолында отандастарымыз ең мықты қарсыластарын айқын басымдықпен жеңе білді. Дәлірек айтсақ, жерлестеріміз 1/16 финалда Финляндияны — 45:39 есебімен жеңді. Кейін шиеленісті жекпе-жекте 28:27 есебімен Өзбекстаннан басым түсті. Ширек финалда Дания құрамасын 45:36, жартылай финалда Египет командасын 41:32, ал финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Лайықты өнер көрсеткен спортшылар…
Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар қауымы мен тұрғындар қатысады. Іс-шара барысында әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік саясаттың өзге де басым бағыттары талқыланып жүр. «Әділет» партиясы Ақтөбе облысында бірқатар іс-шара өткізді. Республикалық сайлауалды штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесулерде отбасыны қолдау, ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық және мемлекеттік істегі белсенділігі талқыланды. Сонымен қатар форумға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау, құқықтық мемлекетті дамыту,…
Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл науқан азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауы арқылы елдің болашағын айқындауға қатысатын жауапты кезең. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Сайлау учаскелері талапқа сай әзірленіп, халыққа жан-жақты ақпарат берілуде. Бұл – елімізде демократиялық қағидаттардың орнығып, әрбір азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруына барлық жағдай жасалып жатқанын айғақтайды. Ардагерлер қауымы үшін елдің тұрақтылығы, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығы әрдайым басты құндылықтардың бірі болып келеді. Біз еліміздің бүгінгі жетістіктері бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен жауапкершіліктің нәтижесі екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы –…
Құрылтай сайлауының құқықтық негізі – Конституция нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға, Президенттің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына сүйенеді. Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – жаңа Конституция аясындағы ең маңызды саяси реформалардың бірі. Бұл институт заң шығарушы билікті қалыптастырудың жаңа моделін енгізіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауының маңызына тоқталып, бұл реформаның елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын жеткізген болатын. «Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол…
Құрылтай сайлауына дейін күн жақындаған сайын сайлауалды науқан да ұраннан гөрі нақты ұсыныстарға көбірек сүйене бастады. Кеше партиялар пікірталасты телеэфирден қоғамның нақты сұранысы қалыптасатын орындарға – өндіріс орындарына, әлеуметтік мекемелерге және өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына алып шықты. Ал бағдарламалар мазмұнды әрі нақтылана түскен сайын, партиялар арасындағы пікірталас та жалпы ұрандардан гөрі қарсыластары ұсынған нақты бастамалар мен шешімдер төңірегінде өрби бастады. Мінбер орнына зауыттар: партиялар өнеркәсіп өңірлерінің қолдауына ие болуға ұмтылуда Қарағанды облысында Айбек Дадабай бастаған «Әділет» партиясының делегациясы «Qarmet» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігіне бақылауды күшейту және индустриялық қалалар үшін білікті кадрлар даярлау мәселелері…
Жақында Қазақстан тұрғындары Құрылтай құрамына кіретін депутаттарды сайлау үшін дауыс бере алады. 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігін жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы. Ол екі палаталы Парламенттің орнына келеді. Тарихтағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында кәмелетке толған азаматтар өздері таңдаған партияға дауыс бере алады. Дауыс беру партиялық тізімдер бойынша өтеді. Құрылтай құрамына 145 депутат сайланады, олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Биыл саяси партиялардың сайлауға қатысу шарттарына өзгерістер енгізілді. 2023 жылғы парламенттік…
Құрметті аудан тұрғындары! Алда өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл — мемлекетіміздің тұрақты дамуына, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды қолдауға бағытталған жауапты кезең. Әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласуы — мемлекетіміздің өркендеуінің негізі. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу — азаматтық міндет қана емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағына деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың басты мақсаты — әділетті қоғам қалыптастырып, халықтың үніне құлақ асатын тиімді мемлекеттік басқару жүйесін нығайту. Осы мақсаттарға қол жеткізуде қоғамның әрбір мүшесінің белсенділігі мен қолдауы аса маңызды. Құрылтай сайлауы -…
Құрметті аудан тұрғындары! Алда өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл — мемлекетіміздің дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, елдің келешегіне қатысты маңызды бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретін жауапты саяси науқан. Қазақстанның басты құндылығы — ел бірлігі мен ұлтаралық татулық. Көпұлтты мемлекетімізде түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүруі — Тәуелсіздігіміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Осындай берекелі бірлікті сақтап, елдің өркендеуіне үлес қосу — әрбір азаматтың ортақ міндеті. Құрылтай сайлауы — халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін, қоғамның өзекті мәселелері талқыланатын маңызды алаң. Сондықтан бұл саяси науқанға белсенді қатысу — азаматтық жауапкершіліктің, туған елдің болашағына деген…
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына орай қабылданған Рақымшылық туралы заңға сәйкес, жеке тұлғалардың Заң қолданысқа енгізілген күнге (02.07.2026ж.) дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдары есептен шығарылды. Рақымшылық – бір реттік ізгілік шарасы болып табылады және болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Сонымен қатар, заңның ережелері соттар қарайтын құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ заңнамада тікелей көрсетілген өзге де санаттарға қолданылмайды. Шымкент қаласында әкімшілік жазаларды орындау 106,9 мың іс бойынша 55 мыңнан астам азаматқа қатысты тоқтатылды. Күші жойылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асты. Рақымшылықты іске асыру прокуратура органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы нәтижесінде қамтамасыз етілді. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы мен мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуының…