Автор: ais_media

Шымкент қаласында қазіргі жағдайға бейімделіп жұмысты, оның ішінде құрылыс жүргізу мен оның сапасын көтеруді тиімді ұйымдастыруға ұмтылуда. Бұл Президент Жолдауында жаңа жағдайға бейімделіп, жұмысты жаңаша ұйымдастыруды міндеттеген тапсырмаларының бірі. Жаңадан тұрғызылып жатқан шағын аудандардың құрылыс барысы қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған.  Құрылыс алаңдарының басында сала жетекшілері және мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүйелі түрде жұмыс жиындары өткізілуде. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Шымсити» және «Тұран» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын күні кеше қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов барып қадағалады. Аппарат басшысы алдымен «Шымсити» шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу беретін қазандықтың қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Модульды жылу қазандығының жүйесі толық автоматтандырылған, арнайы…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда эпидахуалға байланысты өткен жиында індетке қарсы күресті жандандыруды, дәрігерлердің тәжірибесін насихаттауды, жұмысты ширата түсуді тапсырған болатын. Медицина саласына түсіп жатқан ауыртпалық еселей түскендігі белгілі. Дертке тоқтам салар тұста дәрігерлерімізге көмек пен қолдау көрсету маңызды. Әсіресе, індетпен күресуде тың әдіс, тиімді тәсілдер жөнінде мамандар беретін кеңестің орны бөлек. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен өткен кездесуде шымкенттік дәрігерлер әдістемелік көмек алды. Министр жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен, бірқатар емханалардың дәрігерлерімен кездесулер өткізді. Оның сапары алдында Шымкентке бір топ білікті мамандар келіп, ковидпен күрес барысымен танысып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Кеше әкімдікте…

Read More

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жастарымыздың жарқын болашағы үшін нарықта сұранысқа ие мамандықтарға жұмыссыздарды оқытып, азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін оқу орталықтарының қатарында «Мирас» колледжі мекемесі бар. Мекемеде шаштараз шебері, маникюр шебері, визажист, тігінші, WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі және дизайнер біліктіліктері бойынша білім беруде. Оқу орны 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2017 жылдан бастап қатысып келеді. Сондай-ақ, оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағандарды тұрақты жұмысқа орналастырады. Қазіргі күнге дейін аталған курс бойынша 725 білім алушы болса, оның ішінде 632-сі жұмыспен қамтылды. 33…

Read More

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан», «Таза қала» тазалық акцияларын қолдап, оларды науқандық емес дәстүрлі акцияға айналдыру керек дегені бар. Еліміздегі үшінші мегаполисте бұл тазалық акциялары бүгінде дәстүрлі шараларға айналған. Мегаполистегі төрт ауданда әкімдіктер, жастардың «Жасыл ел» еңбек жасағы, басқа да қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып көктемнің басынан қара күзге дейін тазалық акцияларын жүзеге асырып отырады. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі  Б.Парманов аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясына қатысты. Аталған іс-шара Абай ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек  жасағымен  бірге ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық…

Read More

Қазақстандықтарға арналған Президент Жолдауын Шымкент қаласының әкімдігі нақты іспен насихаттап, онда айтылған халыққа жақсы өмір сүруге жағдай жасауды жүзеге асырып, шымқалалықтар соның игілігін көруде. Жыл басынан бері қаладағы көптеген көшелерге асфальт төселіп, топырақ көшелерге шағал тас төселуде. Әсіресе, жаңа мөлтек аудандардағы құрылыс, оның ішінде тротуар мен автокөлік жолдарын сапалы етіп жасау жақсы жүргізілуде. Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков аталған шағынауданға барып, құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады. Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында әр азаматтың баспаналы болуына мүмкіндік жасауды тапсырып келеді. Соған орай Шымкент қаласының әкімдігі барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып шымқалалықтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда. «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында несиелік бағытта баспаналы болудың бағдарламалары түсіндірілді. Аталған орталықта  Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев кезекті тұрғындарды тұрғын үй  мәселелері бойынша қабылдап, тұрғын үй кезегі арқылы несиелік бағытта баспаналы болудың жеңілдетілген бағдарламаларының  шарттары мен талаптары кеңінен түсіндірілді. Басқарма басшысының міндетін атқарушы азаматтардың мәселелерін тыңдап, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға баспанамен қамтылудың ең  тиімді бағыттары «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ»  екендігін айтты. Тұрғын үй кезегінде тіркелген…

Read More

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен құқық қорғаушылары қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың 30-шілдесінде Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай, қала аумағында ауқымды акция ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. Аталған шараға қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Самғау сенім» арнаулы әлеуметтік қолдау орталығы, «Сана сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығының өкілдері атсалысты. Акция барысында тәртіп сақшылары теміржол вокзалы, әуежай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саудасының профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер қала…

Read More

Президент Қ. К. Тоқаев өзінің биылғы жылға арнаған Жолдауында сақтандырғандай пандемиямен күрес күрделене түсті. Карантиндік режимнің сақталуын қатаң қадағалау мақсатында Шымкент әкімдігі құрған мобильді мониторингтік топтар үздіксіз жұмыс жасауда. Қаланың барлық аудандарында коронавируспен күресті реттеу үшін құрылған бұл мобильді топтар карантиндік режимнің бұзылмауын, барлық талаптарын тұрғындардың орындауын қадағалайды. Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б. Парманов, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек және Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев аудан аумағындағы мониторинг топтардың атқарған жұмыстары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Мобильдік топтардың құрамына ерікті түрде қоғамдық бірлестіктер, қалалық емханалар мен учаскелік полиция қызметкерлері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және ветеринария, жолаушылар…

Read More

Шілде айының соңына қарай еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», деді. Шымкент қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы республикалық штабтың отырысы өтті. Штаб отырысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты. Басқосуда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары…

Read More