Автор: ais_media

Мемлекет басшысы Қ. К.Тоқаев өзінің Жолдауында пандемияның ел экономикасына ауыр тиіп жатқанына қоса азаматтарымыздың өмірін жалмап жатқандығын, сондықтан да әрбір қазақстандық карантин режимін сақтауы тиістігін, құқық қорғау органдары карантин кезінде құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кесуі керектігін айтқан болатын. Шымкент қаласында жыл басынан бері карантин талаптарының қатаң сақталуын, оны бұзуға жол бермеу шараларын қарастырып, мобильді топтар, полиция тексеріс рейдтерін үздіксіз жүргізіп келеді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ қызметкерлері тұрақты түрде аудан аумағындағы стихиялық сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. 2021 жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары рейдтік жұмыстар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 890 әкімшілік хаттама…

Read More

Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бүгін аудан аумағында орналасқан 22 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жұмыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту мақсатында жүргізіліп отыр. Карантиндік режимге байланысты тойхана иелеріне той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Жалпы мониторинг жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктерге хаттамалар толтырып, құзырлы мекемелерге заң шеңберінде жолданатын болады. Шымкент қаласы бойынша өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2021 жылға арнап жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында  қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін олардың осы іске өздерін белсенді қатыстыру қажеттігін, билік органдарының халықтың талап-тілегіне құлақ салуымен қатар оларды орындауы, жергілікті бюджетті бақылау мен жұмсауға тұрғындар өкілдерін араластырудың маңыздылығын да атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді.…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты қазақстандықтарға арнаған  Жолдауында пандемияның басталуымен әлемде дамудың жаңа жағдайы қалыптасқанын айтты. Ендігі жерде ол жағдайға бейімделіп өмір сүру арқылы мемлекеттер өздерін сақтап дамытатынын, ол үшін азаматтарымыз, оның ішінде жастарымыз жаңа жағдайда белсенді өмір сүруге бейімделуі керек. Мемлекет оларға толық жағдай жасауы қажет, сонда еліміздің болашағы жарқын болатынын айтқан еді. Жаңа жағдайда жан-жақты шыныққан, салауатты өмір сүруді мұрат еткен белсенді де білімді, иманды да отаншыл, ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиелеу ісінде шымкенттіктердің жасап жатқан жұмыстары нәтижелі. Қаладағы жастар ұйымдары жасөспірімдерге арналған көптеген бағдарламалар, іс-шаралар, акциялар ұйымдастырып отырады. «Отанды сүю – иманнан!»…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында жаңа жағдайға бейміделіп қмір сүру, жұмыс жасау арқылы мемлекетіміздің лайықты болашаған қамтамасыз етуге шақырды. Әсіресе, жастар саясатын белсенді де тапқырлықпен жүргізудің маңыздылығын атап айтты. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Шаңырақ» институты қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында өмірге құштарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Тренингке кәсіби психолог ҚР Ассамблясының және республикалық аналар кеңесінің спикері Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және жас психологтар мен жалғыз басты жас аналар қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың өмірге деген құлшынысты арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту, өмірді түсінуге баулу. Аталмыш шара барлық…

Read More

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге спорттың барлық түрлерімен тегін айналысуға мүмкіндік жасау туралы тапсырмасы Шымкентте ойдағыдай орындалуда. Шымкент қаласында балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізілді. Бұл тапсырыс аясында, кәсіпкерлер мемлекет есебінен спорттың 71 түрі бойынша қаржыландырылып, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттыға алады. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жүзеге асып отыр. Бұл балалар…

Read More

Президент Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті жандандыра отырып, жемқорларға жазаны қатаңдатуды айта келіп «Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын» деді. «Antikor.Live» жобасы сондай күрестің жаңа тәсілінің бірі. «Antikor.Live» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев тікелей эфирде Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмысынан хабардар етті. Спикердің айтуынша, Шымкент қаласы және аудандық партия филиалдары жанында барлығы 5 Қоғамдық кеңес құрылып, оларға қалалық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, жалпы саны 45 мүше енгізілген.…

Read More

Еліміздегі үшінші мегаполисте аты жаман індетпен бірлесе күресуді мұрат тұтқандар көп. Солардың қатарында «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы да бар. Бұл туралы Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында да, пандемия басталғалы бергі ірі жиындардағы сөйлеген сөздерінде де коронавирус індетін бүкіл халық болып бірлесіп қана ауыздықтай алатынымызды үнемі айтып, індетке қарсы күресте мемлекет пен дәрігерлерге сілтеп тастап қарап отырмай әркім әл-қадірінше үлес қосуы қажеттігін айтып келеді. «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасына қарасты мекемелердің көлік жүргізушілері қазіргі эпидахуалдың жақсартылуына өз үлестерін қосуға ниетті. Карантиндік талаптарға сай іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматқа ауыстырған мәдениет мекемелердің 9 қызметтік көлігі қажеттілігі…

Read More

Президент айтқандай қарапайым азаматтардың күнделікті өмірі мен тіршілігін жайлы етуге бағытталған жұмыстар Шымкент қаласында үздіксіз жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде шымқалалықтардың қыс ауасында жылы баспанада, жылы сумен қамтылуын жүзеге асыру үшін қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ведомстволық ұйымдары бар басқарма басшыларының, аудан әкімдерінің және коммуналдық қызметтер ұсынушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Болатбеков берген ақпарға сәйкес, 28 шілдедегі ахуал бойынша, қаланың негізгі жылу беретін кәсіпорны — №3 знергоорталықта дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Резервтік сұйық отын қоры 98 пайызға дайындалған. Жиынға қатысқан кәсіпорын өкілі…

Read More

Мемлекет басшысының халықтың жайлы өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сай Шымкент қалалық әкімдігі барлық мәселеге тұрғындарға жайлылық жағынан келуге тырысуда. Соның ішінде қысқы жылыту маусымына дайындықта да осы принцип ұсталынады. Шымкент қаласында, оның қалалық аудандарында қысқы жылыту маусымына дайындық басталып, қала әкімі бұл мәселенің барысын бақылап жиын да өткізді. Қаратау ауданында  да қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Ауданда күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдастырылған түрде, кестеге сәйкес өтуде. Бүгінде аудандағы жылыту жүйесіне қосылған  384 көп қабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл ауданда 481 көп қабатты үй болса, оның  63-і автономды жылуды тұтынады. Аудан әкімдігінің қызметкерлері көп қабатты…

Read More