Автор: ais_media

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздің дамуында цифрландырудың маңыздылығын айтып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын барлық салаларға енгізу керектігін ескерткен болатын. Жергілікті әкімдіктер бұл мәселеге мән беріп Шымкент қаласында барлық салаларға цифрландыру жүйелері енгізіліп келеді. Оның жұмыс барысында көп тиімділігі барын енгізгендер көріп те жүр. Мәселен, 2021 жылдың 26-шілде мен 1-тамыз аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 8841 қоңырау келіп түсті. Оның — 3732 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылды. Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты…

Read More

Шымкент қаласында құқық бұзуға жол бермеу, орын алған жағдайда дереу құрықтау жолында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қалалық полиция департаменті, құқық қорғау органдары өз жұмыстарын жаңаша ұйымдастырып, азаматтарды заңсыздықтардан, қылмыстан қорғауды күшейтті. 2021 жылдың 2-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «Атамекен» бағдарламасы арқылы ақша алып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иеленіп кеткенін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, діл сол күні Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны бейтаныс азаматша мүгедектік құжатын шығарып беремін деп, сеніміне…

Read More

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлері тойханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында 24/7 кезекшілік етуде. Сондай-ақ рейд барысында Мега және Цум сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі ойын-сауық кешендерінде сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер жоқ. Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды. Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы…

Read More

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі шаһар әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды. Еске сала кетсек, Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар. Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мониторингтік топтың жұмыс атқару барысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялануда. 2021 жылдың…

Read More

Президент Қ. К. Тоқаевтың қарапайым халықтың жайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасау туралы алға қойған міндеттерін орындау жолында Шымкент қаласының әкімдігі шымқалалықтарды инфрақұрылым жүйесімен толық қамтамасыз етуге күш салуда. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылған. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізіледі екен. «Аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылмаған 5,6 пайызын ауыз сумен…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында және жыл басынан бері бірнеше мәрте елдегі эпидеиологиялық ахуалға байланысты пандемия кезінде карантин талаптарын қатаң сақтауға қол жеткізбей індеттің бетін қайтару мүмкін еместігін айтып келеді. Сондықтан да, азаматтардың карантиндік режим талаптарын қатаң сақтауын жергілікті билік жан-жақты қадағалуға тиісті. Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов те таяуда қаладағы мобильдік топтардың жұмысын ширата түсу жөнінде айтқан болатын. Шымкент қаласының Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында «Нұр-777», «Кездесу»,…

Read More

Президент Қ.К. Тоқаев ел басшылығына келгелі қарапайым азаматтардың баспаналы болуына жағдай жасап, тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың халықтың игілігіне жұмыс істеуіне қол жеткізудің маңыздылығын айтқан. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына жалпы саны 319 өтінім келіп түсті. Азаматтар тарапынан жіберілген өтінімдер қарауға алынған соң, 3 жұмыс күні ішінде азаматтардың…

Read More

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қазақстандықтарға жайлы өмір сүруге, тұрмыстық деңгейін көтеріп, күнделікті тіршіліктерінің сапасын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының әкімі маусым айынан бері жүргізіліп жатқан алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысын жиі қадағалап, бақылауында ұстап отырады. Сондықтан да қаладағы аудандар әкімдері де бұл жұмысты өз назарларынан тыс қалдырмауда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген. Сол себепті де ол көпқабатты үйлердегі мыңдаған тұрғындардың қыста жылы да жайлы пәтерде ыстық суды пайдалануына мүмкіндік жасау аудан әкімдігінің жауапкершілігіндегі жұмыс. Яғни, аудан әкімі өзіне тиесілі территориядағы қысқы маусымға…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында және одан кейінгі сөздерінде жас ұрпақ тәрбиесі мен олардың денсаулықтарының мықтылығы, салауатты өмір салтын ұстануы, спорт, денешынықтыруды өмірлеріне серік етіп шынығулары тиістігін айтты. Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің үшінші мегаполисінен балалар алаңшалары мен ашық спорттық алаңшалар салу ісіне қала әкімдігі көп көңіл бөліп отыр. Бірінші жартыжылдықтың өзінде ондаған балалар алаңшалары қаланың шалғай тұрғын алаптарынан ашылды, салынып та жатыр. Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу…

Read More

Еліміздегі үшінші мегаполисте Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес коронавирус індетімен күресте белсенділік танытуда. Қаланың Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сайрам тұрғын алабында орналасқан фастфуд орталығының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:30-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын бұзып жұмыс істеп жатқан тағы бір кафе Абай ауданы аймағынан анықталды. Рейд барысында анықталғанындай кафе қызметкерлері бетперде кию талабын орындамай жұмыс істеген. Оған қоса кафе «Ашық» бағдарламасына тіркелмеген, әрі қаулымен шектелген уақыттан кейін келушілерді қабылдап қызмет көрсеткен. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен  (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама…

Read More