Автор: ais_media

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президентіміздің Жолдаудағы тапсырмасына сай  қаладағы коронавируспен күресте қалалық аудандар әкімдеріне инфекцияның таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөнінде арнайы тапсырма берді.Үшінші мегаполис әкімінің тапсырмасын орындауға аудан әкімдері бас болып барлық күштерін жұмылдыруда. Бүгін Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды. Жалпы, Қаратау ауданының аумағында 1039 кәсіпкерлік нысан бар. Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала аумағында ауыл шаруашылығы саласында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Солардың бірі әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында жыл басынан бері қала аумағында 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген. Бүгін аталған келісім шарт аясында Нұрсәт мөлтек ауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекен-жайында…

Read More

Мемлекет басшысының Жастар саясатын дұрыс жүргізу, жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі айтқандарын Шымкентте жүзеге асырудың арқасында жетім балалар үйінің түлегі «Полицей болып Отанға қызмет еткім келеді» деп отыр. Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен 2019 жылдан бері тәртіп сақшыларының қамқорлығында. Міне, 3 жыл бойы полиция қызметкерлері балаларға барынша көмектесіп, қолдау көрсетіп келеді. Балалар ешбір мерекеде назардан тыс қалмаған. Тәртіп сақшылары осы уақыт аралығында балаларға арнап ойын-сауық, спорттық және тәлімгерлік іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, балалар үйінде бірнеше спорт түрінен үйірмелер ашылған. Бұл үйірмелерде тәрбиеленушілерді полиция қызметкерлері қатарынан шыққан жаттықтырушылар спортқа баулиды.…

Read More

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы басталған коронавирус індетіне байланысты талдап айтты. Биылғы жылы өткен жылғыдай кемшіліктер мен әбестіктерге жол бермей карантин талаптарын қатаң сақтауға күш салу керектігін, қоғамдық орындарды дезинфекциялауды сапалы жүргізуді тапсырды. Үшінші мегаполистің әкімдігі індетпен күрестің барлық жолдарын мұқият жүргізіп, қаланың бас санитарының қаулыларын орындауға күш салып келеді. Шымкентте коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қоғамдық көліктерде тәулігіне екі рет дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Залалсыздандыру жұмысы теміржол вокзалы, халықаралық әуежай мен адам көп шоғарланатын қоғамдық орындарда да жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда дезинфекциялауға 30 маман жұмылдырылған. Карантин талаптары бойынша ревизорлы бақылау қызметкерлерінің киім…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарапайым халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге мән берілуі керектігін туралы тапсырмасына сәйкес еліміздің үшінші мегаполисінде тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңарту бағдарламасы бекітіліп, ескі көпқабатты үйлерді жөндеп, жаңалау жұмыстарын жүргізуге дайындық басталды. Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл іске қызығушылық танытты. Осыған байланысты бүгінде бірқатар құрылыс компанияларымен, оның ішінде Bi Group, Otau Group және т.б. компаниялармен келіссөздер жасалуда. Аталған реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілді.…

Read More

Мемлекет басшысы эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ковидпен күреске баса назар аударуды, әсіресе, аурудың алдын алу мақсатында вакцинациялаудың тиімділігін халыққа түсіндіру мен карантиндік талаптарды бұзушыларға қатаң шаралар көруді тапсырды. Бұл істе әсіресе, карантин ережелерінің сақталуын тексеретін мобильдік топтарға көп жауапкершідлік жүктеледі. Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бүгін аудан аумағында орналасқан 22 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жұмыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту мақсатында жүргізіліп отыр. Карантиндік режимге байланысты тойхана иелеріне той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп,…

Read More

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жиында «Карантин талаптарын қатаң сақтау және жаппай вакцина ектіру арқылы ғана коронавирус індетін ауыздықтау мүмкін екенін айтқан еді. Сол жиында карантиндік режимді қатаңдатумен қатар сол режимнің талаптарының орындалуын да қатаң қадағалаудың қажеттігін ескерткен. Себебі, карантинді қанша қатайтқанымен оны түсінбейтін, өзіне де айналасындағыларға да қауіп төндіріп, індет жұқтыруы мүмкін екенін ескермейтіндер арамызда әлі табылуда. Шымкент қаласының әкімінің тапсырмасымен қаладағы мобильдік топтардың санын арттырып, жұмысын жандандыру өз нәтижесін бере бастады. Мысалы, қаладағы Әл-Фараби  ауданының тәртіп сақшылары Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Наурыз» бильярд клубының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 23:00-ге дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі…

Read More

Мемлекет басшысының Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымыз керек, деген тарсырмасын жүзеге асыру мақсатында шымқалалық мемлекеттік қызметкерлер де халықпен жақын араласып, олардың өтініштеріне жиі құлақ асатын болды.Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға, сондай-ақ, қаланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге қатысты болды. Мәселе дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы басқарма басшыларына тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, орындалуы тиіс шараларды уақыт созбай қолға алуды тапсырды. Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды…

Read More

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында өңірлердегі санитарлық-эпедемиологиялық жағдай талқыланды. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ахуалды баяндады. Ол дельта штамм пайдалы болғалы бері Шымкент қаласында эпидахуал күрделене түскенін айтты. Шілде айында коронавирус жұғу 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1489 жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталған. Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Емделіп шыққан науқастардың саны –11 848, 405 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 7275 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 4 916 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 2 359 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – 575. -Бүгінгі…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын қазақстандықтарға Жолдауында мемлекет халықтың үнін естіп қана қоймай сол бойынша әділ шешімдер қабылдауы керектігін де айтты. Сондықтан да жергілікті әкімдіктер бүгінде халыққа жақындай түсуде. Қала әкімінен бастап қалалық аудандар әкімдері, басқа да мемлекеттік қызметкерлер өздеріне қарасты аумақтардың тұрғындарымен жиі кездесіп, олардың талап-тілектеріне құлақ қояды. Тіпті «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кейбір мәселелерді сонда тұратын тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып бюджетті жұмсау да іске асырылып келеді. Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері аудан аумағындағы «Бозарық» саяжайының тұрғындарымен кездесті.…

Read More