Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың дені сау, жан-жақты дамыған, заман талабына сай болып өсуіне жағдай жасауды тапсырғаны белгілі. Қазіргі кезде елімізде жас ұрпаққа барлық жағдайды жасау бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. Дегенмен, мемлекеттің соншама қамқорлығына қарамастан жекелеген ата-аналардың жауапсыздығынан балалар өміріне қауіп төніп жатқан жағдайлар да кездесіп отыр. Балалардың жазым болуына соқтыратын терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды. Миллиондық қала бойынша жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлері жоспарлы түрде осындай келеңсіз оқиғаның алдын алу үшін жұмыс…
Автор: ais_media
Шымкент қалалық полиция департаментінде қала тұрғындарымен тығыз байланысты жұмыс жүргізіп, олардың арыз-шағымдарын тез орындап, құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыз әрекеттерді дер кезінде құрықтауға тырысып келеді. 2021 жылдың 5-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінен құны 270 000 теңге тұратын алтын сырғасы мен 100 000 теңге тұратын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетеді. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде полицейлер жеделділіктерін танытып, ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленушінің бірге тұратын көршісі болып шығады. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шымкент…
Кейінгі кездері еліміздегі пандемиялық ахуалдың күрт нашарлап кетуіне байланысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев әкімдерге, денсаулық саласының басшыларына бұл мәселеге қатаң қарауды тапсырды. Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда. Мобильді топ қызметкерлердің науқастарға үй жағдайында дұрыс амбулаторлық қызмет көрсетуін ситуациялық орталықтағы мамандар үйлестіріп отырады. Бұл жұмыстар кешегі өткен штаб отырысында қала әкімі М.Әйтенов берген тапсырма негізінде жүзеге асырылып отыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов емханаларды аралап, мобильді бригадалардың жұмысын үйлестіретін ситуациялық орталықтың жұмысын бақылап шықты. Мобильді топтың құрамына жалпы тәжірибелі дәрігер, терапевт, педиатор және медбике кіреді. Науқастың денсаулығын тексерген мамандар одан ПТР-сынама алды. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.…
Мемлекеттің Жастар саясатын жүзеге асыруда Шымкент қаласының әкімдігі көп жұмыстар жасауда. Соның бірі қаладағы жас отбасылары көп тұратын көпқабатты тұрғын үйлердің ортақ алаңдарына балалар алаңшалары жасалып, балалар мен жастардың салауатты өмір сүруіне, спортпен айналысуына, демалуына жағдай жасауда. «Нұрсәт» шағын ауданында 10 үйге ортақ алаң абаттандырылып, көгалдандырылуда. Бір кешенді құрайтын тұрғын үйлер 2019-2020 жылдары әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын отбасылар мен жастарға берілген болатын. Аулада заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерларын орнату бастамасы іске асырылуда. Жасыл желектер отырғызылып, оларға су жеткізу жүйесін орнату жұмыстары атқарылған. Тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселесі қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Бұл нысанға қала…
Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданын жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі. Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған туя шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларды суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.
Шымкент – республикадағы үшінші мегаполис екенін ескерсек, қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында болуы заңдылық. Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талаптың, сондай-ақ, мәдениет пен талғамның белгісі. Дей тұра, өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектелетіндер бар. Себебі, қоқысты көшеге төгетін, үйдің жоғары қабатынан далаға лақтыратындар да кездеседі. Арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс тастай салатындар да бар. Осыған сәйкес, шымкенттік полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Жангелдин көшесі…
Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласының әкімдігі жан-жақты жұмыстар жасауда. Соның бірі тұрғындардың күнделікті өмірінің жайлылығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерді жаңартып, қызмет сапасын арттыру және қалаішілік автожолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Шымкентте қоғамдық көліктер жаңарып келеді. Сондай-ақ көлік қатынасында автобустар паркі мың дана техникаға жетеді. Оның ішінде 600-і жаңа автобус маршруттарға шығарылса, жыл соңына дейін қала тасымалдаушылары тағы 290 дана жаңа автобуспен толығады. Нәтижесінде, қаланың қоғамдық көліктер паркінің жаңаруы 80 пайызды құрамақ. Жол қозғалысын автоматты режимде реттеу үшін 20 жол қиылыстарына бағдаршамдар орнату, 16 орынға белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу, және 2500 дана жол белгілерін орнату…
Шымкент қаласының әкімі мегаполистің бас полицейін қабылдап, алты айда атқарылған жұмыстарымен танысты. Мұрат Әйтенов қалалық департамент басшысының атқарған жұмыстарын тыңдаған соң жұмысты әлі де ширату, жаңа әдістер мен цифрландыру жетістігін толығырақ пайдалану керектігін айтты. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін негізгі индикаторлар белгіленіп, ай сайын соның нәтижесін зерделеп отырудың маңыздылығын, «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша учаскелік полицейлердің жұмысын жандандыруды, көшедегі қайыршыларға назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен бірге, шаһар басшысы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтты. Бір апта рейд болып, келесі аптада қайта тәртіпсіздік орнауы, камераның кейбір жерде істен шығып тұруы, ретсіз сауда орындары мен заңсыз сауда нүктелерінің болуы, ондағы…
Қоғамда тәртіп пен заңдылық үстемдік құрып, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін құқық қорғау органдары тарапынан нақты да нәтижелі жұмыстар жасалуы қажет. Бұл туралы өз Жолдауында айтқан Президент Қ.К.Тоқаев біртіндеп құқық қорғау органдарына реформа жүргізу керектігін де ескерткен. Шымкент қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жарты айдан астам уақыттан бері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың 21-шілде мен 20-тамыз аралығында Шымкент қаласында өткізіліп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы құқық бұзушылыққа жол бермеудің жолдары ретінде заңды тіркелген қаруларды тексеріп, тіркелмегендерін тәркілеуде. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп…
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ғана емес басқа сөздерінде де еліміздің дұрыс дамуы үшін заңдылық сақталып, құқық бұзушылықтың алдын алу керектігін, азаматтарымыз өркениетті елдердегідей заңдылыққа мойынсұнуы қажеттігін айтып келеді. Еліміздегі үшінші мегаполисте қаланың барлық аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Кеше Шымкент қалалық полиция Департаментінің Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларды жүргізді. Рейд барысында «Сайрам» шағынауданы аумағындағы жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан азаматша анықталды. Сондай-ақ қаланың Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларды жүргізді. Рейд барысында аудан аумағындағы жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан…