Қала әкімі М.Әйтеновтің құқық қорғау органдарына қала тұрғындарының абаттандыруға кесірін тигізіп, құқық бұзуына жол бермеу, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы құқық бұзудың алдын алу туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қалалық полиция Департаментінің қызыметкерлері ұйымшылдықпен нәтижелі жұмыс жасауда. Қала аумағындағы абаттандыру талаптарын сақтау мен оны бұзбау жағын бақылау, ең бастысы көрінген жерге қоқыс тастап ластау, немесе үйінің, мекеменің айналасында тазалық сақтамау сияқты өрескелдіктерді болдырмау мақсатында қала құқық қорғаушылары тынбай жұмыс жүргізіп келеді. Қаладағы Абай ауданының полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында бір күн ішінде абаттандыру талаптарын бұзудың 27 оқиғасын анықтады. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-ші статьясына…
Автор: ais_media
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қазақстандықтарды әлемде қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайда мықты мемлекет болу үшін қоғамдық келісімді, ір істе әділеттілік пен заңдылықты сақтауға деген жауапкершілікке шақырды. Шындығында бәсекеге қабілетті, мықты мемлекет болу үшін ірі, кіші демей әр істе жауапкершілік таныту, заңдылықты сақтау маңызды. Онсыз қоғамдағы келісім де, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ілгерілеу де болмайды. Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты. Рейд барысында негізгі көшелердің бірі – Темірлан тас жолы бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды. …
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылға арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» орнату дегеніміз әділетті, заңдылықтар сақталатын мемлекет орнату» деген болатын. Яғни, біздің елде қандай да бір жағдайда болсын заңдылық үстем болуы тиіс. Кішкентай болсын құқық бұзушылыққа төзбеушілік қалыптастырылып, азаматтардың заңның үстемдігін құрметтеуіне қол жеткізілуі қажет. Осы бағытта Шымкент қаласында жоспарлы түрде жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен терезесі күңгірттелген көліктерді анықтау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара өткізіліп келеді. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 76 автокөлікті тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (күңгірттеу) жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды.…
Қазақстан Республикасында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылға арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындау үшін көптеген маңызды іс-шараларды іске асыруда. Соның бірі «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында интернет-алаяқтықтың 16 жайты анықталды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 9-тамыздан бастап республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сондай-ақ, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті бұзуға әсер ететін зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын…
А-2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолы техникалық-экономикалық көрсеткіші бойынша жалпы ұзындығы 31,6 шақырым құрайды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жж аралығына жоспарланған бұл жолдың жобалаушы мекемесі «ШымкентКаздорпроект» және «ИгілікСтройПроект». Жалпы 8 кезеңнен тұрады: 1 кезең — Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ ш/а дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,75шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесінің ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыс 2021 жылдың соңына біту жоспарланған, қазіргі уақытта…
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит Құралбектің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» аясында Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С.Құралбек міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа тиімді тұстарына тоқталды. – Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін тұрғындардың денсаулығын сақтауға бөлінген қаражат мөлшері ұлғайды. Яғни, бұл жүйе енгізілген уақытқа дейін азаматтар тек қана тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық көмекті алатын. Ал бүгінде жүйенің қатысушылары қосымша қаражат жұмсамай, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қосымша медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие. Барлық жүйенің қатысушысы табыс мөлшеріне қарамастан, осы жүйеде көрсетілетін барлық медициналық көмекке, оның ішінде…
Каратэден XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева туған жерге оралды. Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Қала әкімі сайыпқыран спортшыларға демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті. Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэ спортынан Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз…
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 10 Тамыз — Абай күні және Қазақ жазба әдебиетіне 110 жыл толуына арналған, сонымен қатар Халықаралық жастар күніне орай әдеби-сазды сұхбаты өтті. Бүгінгі қонақ, «Н.Ә. Назарбаевтың болашаққа бағдар рухани жаңғыру» жобасы аясында жылдың «Ең үздік Әдеби, ғылыми» жоба жеңімпазы — Леспаева Аяулым
ҚР Үкіметінің қаулысымен былтыр, елімізде 10 тамыз – «Абай күні» деп бекітілген болатын. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ғұлама ойшыл, ұлы ақын, ағартушы, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жатқа айтып, жастарға челлендж жолдады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және де 10 ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе отырып «Абайдың бейнесі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шара барысында ұлы Абайдың бейнесін портретке салып, балшық саздан жасалған құмыраның сыртына «10 тамыз — Абай күні» деген жазумен өрнектеліп, шеберліктерін шыңдады.