Кеше қала әкімі М.Әйтенов дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен Шымкентте қолжетімді және бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады. «Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Осылай деп мәлімдеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударды. Қалада 2021 жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрады. Бүгінде Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорттық клуб жұмыс істейді. Атап айтқанда, Мирас спорт кешені. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер футбол мен дзюдо секциясына тегін…
Автор: ais_media
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкент қаласының әкімдігі көптеген балалар және спорттық алаңшалар салып, жас ұрпақтың шымыр болып өсуіне мүмкіндік жасауда. Әсіресе, мегаполистің шет аймақтарындағы тұрғын үй алаптарында көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде. Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов демеушілер есебінен салынған көп функционалды спорт алаңшасының жұмысымен…
Шымкент қаласының әкімдігі Президент Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда еліміз бойынша алғашқы үздік үштікте келеді. Оны күні кеше ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Үкімет мүшелерімен, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерімен өткізген селекторлық мәжілісінде көріп-білдік. Республика облыстары мен қалаларының экономика саласындағы негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасында Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім динамикасы бар екендігі баяндалды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», — деді. Оның ішінде биылғы жылдың қаңтар-шілде мерзіміндегі аралықта былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші 104,8 пайызға, ауылшаруашылығы саласы…
Еліміздің басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру туралы бастамасы мен қарапайым азаматтардың күнделікті өмірін жайлы етуге байланысты биылғы Жолдауында алға қойған міндеттері Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асырылуда. Еңбекші ауданында 6 меншік иелерінің бірлестігі мен 174 жәй серіктестік тіркелді. Тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсіліне әлі 450 үй тіркелуі керек. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді. «Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары…
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өздерін басқалармен тең дәрежеде сезініп, қоғамның толыққанды азаматы болуына мүмкіндік жасау керектігін айтқан. Соған орай Шымкент қаласында үлкен істер атқарылуда. Миллионнан астам тұрғыны бар қалада мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның толыққанды мүшесіндей сезінту мақсатында арнайы кітапхана бұрыннан жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары онда сол көзі нашар көретін жандар жиналып белсенді түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Шымкент қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама жарық көрді. Бағдарламаның басты мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, елге елеулі қоғам қайраткерлері, дара тұлғалармен қатар өмірге құштар өнерлі, дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтармен…
«Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды. Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты. -Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,-дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова. Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484…
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 12 тамыз Халықаралық жастар күні, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Zoom видео байланыс ақпараттық жүйесі арқылы «Жұмысшы жастар – қуатты Қазақстан» атты жұмысшы жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – мемлекеттің игілігі үшін маңызды мамандық иелерінің беделін көтеріп, үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, осы арқылы өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылады. Жұмысшы жастар форумына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі басшысының орынбасары Альжанов Ерлан Тұрсынбекұлы, «BI Group» құрылыс компаниясының…
Мемлекет басшысының еңбекті қорғау туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады. Басқарма басшысына есепті кезеңде бірыңғай ақпарат орталығы арқылы еңбек қатынастары, өндірістік қауіпсіздік саласына қатысты 23 хабарлама түсіп, барлығы мерзімінде орындалған. Сонымен бірге осы уақыт ішінде жалпы 584 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген. «Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 104 тексеру жүргізіліп, 182 заңбұзушылық анықталып, 68 нұсқама берілген. Тексеру нәтижелерімен 4,5 млн. теңге көлемінде 25 әкімшілік айыппұл салынып, 21 қозғалған әкімшілік іс бойынша 2,9 млн. теңге айыппұл өндірілген. Бірқатары мерзімі келмеуіне байланысты…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қазақ классигі, ұлы даналарымыздың бірі Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлағанда 10-шы тамыз күнін Абай күні деп белгілеп, бұл күнді мемлекеттік Жастар саясатымен ұштастырып жас ұрпақты ұлттық рухқа, отаншылдыққа тәрбиелеуге шақырған болатын. Сөйтіп, өткен жылы Абай күні тұңғыш рет бүкіл елде ерекше рухта аталып өткен еді. Биыл да Абай күнінде Шымкентте Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Ұлы ақынның 176-жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған марафонға қалалық мәдениет басқармасының қызметкерлері, абайтанушы, зиялы қауым өкілдері және мектеп оқушылары қатысты. Шарада Абай әндері мен қара сөздері орындалып, өлеңдері оқылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл іс-шаралар карантин талаптарын сақтай отыра кешке дейін…
Пандемиялық ахуалға байланысты қиындықты пайдаланып халықты алдап алаяқтықпен айналысып, заң талаптарын бұзушылық етек алып тұр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тапсырғандай құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс атқаруда. 2021 жылдың 8-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында «WhatsApp» әлеуметтік желісінен телефон нөміріне белгісіз тұлға танысы екендігі туралы хат жазып, сеніміне кіру арқылы 100 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғандығын көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.…