Құқық қорғау органдарының басты міндеті азаматтардың қауіпсіз де жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету. Әсіресе, қазіргідей індет белең алып, карантиндік режим кезінде қоғамдық орындарда, азаматтардың жеке иеліктерінде, көшелерде, автокөлік қозғалысында, күнделікті тұрмыстың барлық жағдайларында адамдардың өзіне сенімді болуы заңдылықтардың, тиісті талап, ережелердің сақталуы екені белгілі. Ал, заңдылықты сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу – Құқық қорғау органдарының басты міндеті. Шымкент қаласының полиция Департаменті қалпытасқан эпидахуалға қарамастан жұмысын жандандырып, шымқала тұрғындарының қауіпсіздігіне нұқсан келмеуін қадағалауда. Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан шілде айына дейінгі аралықта рейдтік іс-шаралар өткізу барысында қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады. Осы ретте…
Автор: ais_media
Былтырғы жылдың көктемінде басталып, әлі де жалғасып келе жатқан коронавирус індеті халықтың күнделікті өміріне көп өзгерістер әкелді. Карантиндік шектеулер, кейбір азаматтардың соған орай жұмыссыз қалуы, бірқатар халыққа көрсетілетін қызметтердің онлайн форматқа көшуі сияқты жағдайлар жекелеген тұрғындарды тығырыққа тіреп, оңай жол іздеуге итермелеуде. Жеңіл жол іздеп жарға жығылып жатқандар да бар. Пандемия кезінде аңқауларды алаяқтықпен алдап, қаржысын, мүлкін иеленіп кету оқиғалары көбірек орын ала бастады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов таяуда мегаполистің бас полицейін қабылдап, жарты жылдық жұмысымен танысқанда, халықтың талап-тілегіне көбірек көңіл бөліп, құқықбұзушылықтың алдын алуды тапсырды. Жалпы, Шымкент қалалық полиция Департаменті пандемия кезінде жұмысын қайта оңтайластырып, қала тұрғындарын түрлі…
Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкент қаласында әкімдіктің бастамашылдығымен құқық бұзушылықтардың, заң талаптарын орындамаулардың алдын алып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау шаралары жыл басынан бері жоспарлы түрде жалғасып келеді. Мегаполистік құқық қорғаушылар қала тұрғындарының ештеңеге алаңдамай жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайларды жасауға тырысуда. Қала көшелеріндегі автомобиль көлігінің апатын, жаяу жүргіншілермен соқтығысын болдырмау мақсатында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түрлі профилактикалық іс-шаралар, рейдтер өткізіп отырады. Жыл басынан бері тұрақты жүргізіліп келе жатқан іс-шараның бірі – автокөліктердің жол қозғалысы ережелеріне сай болуына байланысты. Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері терезелердің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және…
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев «Таза – Қазақстан», «Таза – қала» бастамаларын қолдап, мұндай экологияны жақсартуға, қоғамдық тәртіпті сақтап, тазалыққа жауапкершілікті қалыптастыратын, құқық бұзушылықтарды құрықтап, алдын алатын жобаларды қолдау керектігін айтқан болатын. Шымкенттік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету және қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында «Шымкент – Таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап іс-шара барысында жалпы 1407 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 694 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру), 685 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әрбір Жолдауында мемлекеттің болашағы дені сау, тәртіпті де тәрбиелі, білікті де білімді жас ұрпақпен байланысты екенін айтып келеді. Сол себепті де елімізде, оның ішінде тұрғындарының үштен бірін жастар мен жасөспірімдер құрап отырған Шымкент қаласында да балалар мен жасөспірімдердің, яғни кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылығына жол бермеу, жаман да зиянды әдеттерден бойларын аулақ салуын қадағалау, заңды сыйлайтын дұрыс азамат болып өсуіне қол жеткізу бағытындағы Мемлекеттің Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында тұрақты жұмыс жасалады. Сондай жастар саясатына қатысты іс-шараның бірі кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ата-анасы немесе жауапты заңды өкілінсіз көшеде, қоғамдық орындарда сенделіп жүруіне жол бермеу мақсатындағы рейдтік…
Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайларды жасап, олардың өзін қоғамда толыққанды мүше ретінде сезінуіне көмектесу туралы тапсырмасы Шымкент қаласында іске асырылып келеді .Бүгінде мүгедектік тобы бар ересектер мен балалар үшін тегін санаторлы-курорттық ем алу қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл үшін өтінішті екі тәсілмен бере алады. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері шипажайға онлайн жолдаманы қалай алатыны жөнінде толығырақ айтып берді. Қазір бұл қызметті екі тәсілмен рәсімдеуге болады. Онлайн түрде EGov порталы арқылы жолдамаға өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет: — ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметін…
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл отыз жыл толуда. Бодандық кезеңде бордай тозған қазақ тілі осы уақыт ішінде әлі өзінің мемлекеттік тіл ретіндегі функцияларын толық және дұрыс атқара алмауда. Мемлекет басшысы атап айтқандай Мемлекеттік тілді жазалау, саяси науқан түрінде дабырлатпай күнделікті жұмыс ретінде үздіксіз түсіндіре отырып мәртебесіне көтеру керек. Шымкент қаласының әкімдігі бұл мәселеде байыппен тыңғылықты жұмыс жасауда. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттеріндегі атаулары орфографиялық дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс: мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында былтыр басталған індеттің әлемдік дағдарыс тудырып, миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын айта келіп, бұл сынақтан өтіп, азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу үшін, дені сау адамдарымыздың арқасында экономикамызды дамыту үшін бір ғана жол – індетке қарсы вакцина ектіру жолы барын айтқан болатын. Соған байланысты Шымкент қаласының басшылығы көптеген іс-шаралар арқылы шымқалалықтардың екпе алуына қол жеткізуде. «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды. Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен…
Мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктің тұрғындарын Солтүстік облыстардағы бос жұмыс орындарына тарту үшін тұрақты тұруға көшіріп әкелу мәселесін Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев көтеріп, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған. Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті. Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді. Аталған бағдарламаның мақсаты — оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен…
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Эфир биылғы мамыр айында қолданысқа енгізілген мемлекеттік тапсырыс арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру жүйесі тақырыбына арналды. Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі нақты тапсырмасы бар екендігін атап өткен қала басшысы спортты дамытуда мақсатты жұмыстар атқарылып отырғандығын айтты. Бұл бағытта мектептердегі спорттық үйірмелерге 156 мың бала қамтылып, спорт мектептерінде және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс жүргізетін 5 спорттық ұйымға 17 мың бала тартылған. Спорттық нысандардың тұрғындарға қолжетімді болуын ұйымдастыруда шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 115 спорт алаңшаларын орнату бастамасы…