Автор: ais_media

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері шымқалалықтардың жайлы да тыныш өмірін сақтауға, қауіпсіздігіне жауап берумен қатар, азаматтардың тап болған құқық бұзушылықтарынан құтқаруға көмектеседі. Кейінгі кезде жиілеп кеткен адамдардың біреудің мүлкін алдап алып, бермей кету, келіскен қаржысын төлемей кету оқиғаларына байланысты полицияға арыздар түсуде. Құқық қорғаушылар азаматтардың мұндай арыздарымен шұғыл айналысып, нәтиже шығаруда. Қаратау ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, әрқайсысының құны 50.000 теңге тұратын, 64 бас қошқарын екі азамат алып, ақшасын кейін береміз деп келісіп, осы уақытқа дейін қаражатты бермей жүргенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға…

Read More

Полиция халықтың қауіпсіздігін сақтаумен қатар тыныштығын сақтап, заңдылықтың бұзылмауын қадағалауға міндетті. Оған қоса құқық қорғаушылар азаматтардың түрлі жағдайға душар болған сәтінде жанынан табылып, жәрдемін аямайды. Бұл билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, қоғамдық келісімді қалыптастырады. Шымкенттік полицейлер мегаполис тұрғындарының әрбір өтініші мен арыз-тілегіне жауапкершілікпен қарап, жедел көмектесуге ұмтылады. Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын таксиде құжаттарын қалдырып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Аширов пен полиция лейтенанты Н.Орынбеков тез арада бейнебақылау камерасы арқылы автокөлікті тауып, құжаттарын иесіне қайтарып берді. Осындай тағы бір оқиға ағымдағы жылдың 12-тамызында қаладағы адам көп…

Read More

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғаушылары бүгінде тұрғындармен жиі онлайн және офлайн кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектері мен өтініш-ұсыныстарын тыңдауда. 2021 жылдың 13-тамызында Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ  № 21 УПП қызметкерлері УПИ полиция майоры О. Альжанов,УПИ капитаны Е. Нургалиев,УПИ қатардағы полицей Ж.Кенже Алимбетов көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.  Аталған кездесуге Әл-Фараби ауданының  әкімі Р. Мыңбаев қатысты. Кездесу барысында  қоғамдық қауіпсіздік мәселелері,  тұрғындардың өз ауласындағы орналасқан  балаларға арналған спорттық  ойын-сауық алаңына басқа аумақтың тұрғындары келіп,  ойын-сауық құрылғыларын бұзып жатқаны жайлы шағымы қаралды. Қоғамдық мүлікті бүлдіру құқық бұзушылық болып есептелетіндіктен бұл мәселе бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы…

Read More

Карантиндік шектеулер кезінде көп жерлерде алаяқтық жасау, ұрлық-қарлық жасау сияқты оқиғалар етек алуда. Соған орай Шымкент қалалық полиция Департаментінің қызметкерлері жұмыстарын ширатып, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға, оларға қарсы құқық бұзушылықтарға жол бермеуге күш салуда. 2021 жылдың 10-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінде тұрған 20.000 теңге тұратын ұялы телефонын, 6.000 теңге тұратын дыбыс зорайтқышын, 7.000 теңге тұратын шаш кептіргішін және 40.000 теңге тұратын киім-кешектерін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті орынға жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.…

Read More

Шымкентте 15 тамыз күні КВИ-дің 560 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 452, белгілері жоқ – 108). 159 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 401 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 66,1%-ды құрайды, 1329 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2601 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 589 төсек орын бар, 382 науқас ем қабылдауда. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 406 518, тәулігіне – 3313. Бір тәулік ішінде қалада 1824 адам вакцина алды (I компонент-918, II компонент-906). Егу науқаны басталғалы барлығы 399 371 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 325 324 адам вакцинаның екі компонентін алды.…

Read More

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде 2021 жылдың 14-тамызында, сағат 14:55-те, Жібек жолы даңғылы бойында  орналасқан кафе карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап, келушілерді қабылдап жатқандығы анықталды. Шайхана қызметкерлері бір реттік бетпердені толық тақпай, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіндігі белгілі болды. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында Жібек жолы көшесі бойында орналасқан караоке клубының түнгі сағат 23:00-ден кейін жұмыс жасап, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтады. Осы ауданда 2021 жылғы 14-тамызда Тәукехан көшесі бойында орналасқан мейрамхана кешені карантиндік талаптарды бұзып, келушілерді қабылдап, қызмет көрсеткенін анықтады. Аталған мекемеде…

Read More

Шымкент қаласында карантиндік талаптарды сақтауды қадағалау күшейтілуде. Қаланың құқық қорғаушылары карантин ережелерін сақтамай құқық бұзушылыққа орын берген нысандарды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізу барысында 2021 жылдың 15-тамызында, түнгі сағат 02:00-де аудан аумағында орналасқан «Кокос»  кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқаны анықталды. Карантин талаптарын сақтамаған кәсіп иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін іс-құжаттары Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Осы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл…

Read More

Қазақстан Республикасында ана мен балаға мемлекет тарапынан қамқорлық үлкен. Халық санын көбейтуші аналар мен елдің болашағы балалардың дені сау, қауіпсіз жағдайда барлық жетістіктерді пайдалана отырып жетілуіне мүмкіндік бар. Дегенмен, кейбір ата-аналардың жауапкершілігінің төмендігінен балалардың өміріне қауіп төнетін жағдайлар да кейде орын алып отырады. Кейбір ата-аналар жас балаларын қараусыз қалдырып түрлі қауіпке душар ету оқиғалары аракідік орын алып отырады. Әсіресе, көпқабатты үйлерде тұратын азаматтар арасында терезені ашық қалдырып бөлмедегі балаларын қараусыз қалдыруынан бүлдіршіндер терезеге шығып, биіктен құлап түсіп мүгедек болып қалу, не шейіт болып кету жайттары да орын алады. Сондықтан да, шымкенттік полицейлер тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді Терезеден құлау оқиғалары көп…

Read More

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Zoom видео байланыс ақпараттық жүйесі арқылы «Жұмысшы жастар – қуатты Қазақстан» атты жұмысшы жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – мемлекеттің игілігі үшін маңызды мамандық иелерінің беделін көтеріп, үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, осы арқылы өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылады. Жұмысшы жастар форумына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі басшысының орынбасары Альжанов Ерлан Тұрсынбекұлы, «BI Group»…

Read More

Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырады. Ұйымдастырылатын іс-шараларға қажеттілігіне қарай көптеген мемлекеттік мекеме, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар да қатыстырылады. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруін анықтау мақсатында түңгі рейд өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруін, құқық бұзушылыққа тап…

Read More