Құқық бұзушылық орын алатын салалардың бірі жұмыс беруші мен жұмысқа жалданушы арасындағы еңбек қатынастарында кездеседі.Еңбек қатынастары саласындағы кемшіліктер әрбір тексеру сайын анықталады және негізінен басшылар мен қатардағы қызметкерлердің еңбек заңнамаларын жете білмеуінен орын алады. Осыны негізге алған Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов еңбек қатынастарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қаладағы ірі және орта кәсіпорындар ұжымына еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері қаладағы 200-ге жуық ірі және орта кәсіпорындардың еңбек заңнамасын сақтауы бойынша тәуекел деңгейіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесімен қауіпті аймақта тұрған тәуекелдік деңгейі жоғары 54 кәсіпорын анықталған. Басқарма мамандары аталған…
Автор: ais_media
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жас ұрпақтың қайда, қай тілде болсын жайлы да заман талабына сай мектептерде білім алуына жағдай жасау қажеттігін айтқан болатын. Сол себепті Шымкент қаласында шәкірттердің талапқа сай мектептерде білім алуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Тозығы жеткен, ыңғайластырылған ескі және үш ауысымды білім беретін мектептердің орнына заманауи мектептер салу қолға алынған. Шымкент қаласында биылғы жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде 19 жаңа мектеп қыркүйек айында оқушыларға есігін ашады. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева мәлім етті. Спикердің айтуынша,…
Бұл туралы сейсенбі күні жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева хабарлады. Еліміздегі пандемиялық жағдайдың қиындық тудыруына, карантиндік шектеулерге қарамастан Мемлекет басшысы жас ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін оларды дәстүрлі форматта оқыту қажеттігін, ол үшін індеттен сақтанудың барлық шараларын жасау керектігін атап көрсеткен еді. Қала әкімі М. Әйтенов те бұл мәселені назарында ұстап, жаңа оқу жылына дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қадағалап отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайын баяндаған басқарма басшысы қаладағы білім мекемелері мектеп оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуға дайын екеніне тоқталып өтті. «Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және…
Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жыл басынан бері 2000-ға жуық жастар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 6 ай мерзімінде «Жастар практикасы» бағытында тәжірибе жинақтады. Тәжірибе жинап, әрі жұмыс орнында жақсы нәтиже көрсетіп, тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың бірі –Айдана Исабекова. Ол 2019 жылы «Азимед» колледжінде «Медбике» мамандығы бойынша білім алды. Оқу бітірген соң, өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, ағымдағы жылдың басында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелді. Кейінен орталық мамандары жұмыс іздеуші жасқа жұмыс табудың тиімді жолын тауып, «жастар практикасына» қатысуды ұсынды. -Медицина мамандығы бойынша жұмыс жасап, көпшілікке көмегім тиіп, білікті маман болғым келеді. Осы клиникалық…
Қазақстанның болашағы жастар екенін, оларды заман талабына сай етіп тәрбиелеп, білімдарлықты бойына сіңіру арқылы еліміздің болашағын жарқын ете алатынымыз анық. Сондықтан да «Жастар саясаты» негізінде мемлекет тарапынан жас ұрпақтың тәрбиесі мен заманауи білім алуына мүмкіндігінше жағдай жасалуда. Оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру сапасы әлемдік стандарттарға жауап бере алады. Осы мектептің оқушылары әлемдік, халықаралық білім олимпиадаларында көк байрағымызды желбіретіп, қазақстандық жастардың үздіктер қатарынан көрінуіне үлес қосып келеді. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) күміс медаль жеңіп алды. Оны тәрбиелеп дайындаған ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызы. Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16…
Шымкент қаласының әкімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жаңадан соғылып жатқан құрылыс алаңдарын аралау барысында Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс жұмыстарын бақылады. «Ескі қалашық» аумағында құрылыстың ІІ кезеңіне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Мердігер – «Сити Строй» корпорациясы. Қазіргі таңда мұнда жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асуда, жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі қарастырылған. Осы уақытқа дейін 29 жекеменшік үй және 1 кәсіпкерлік нысан бұзылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынбауы құрылыс…
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі. Биыл жолдама санына бөлінген 6174 азаматтың ішінен 2000-нан астамы Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайына, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» шипажайларына жіберілуде. Санаториялық-курорттық емдеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне 12 күнге тегін беріледі. Ал, зейнеткерлерге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен, яғни 6 күнге беріледі. Бүгінгі күні қалада 82 821 зейнеткер тіркелген, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 20, тыл ардагерлері – 3 153. Сондай-ақ, «Алтын…
Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда. Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады. Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асырудың басты бағыттарының бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге дағдыланып, жастайынан шынығып шымыр болып өсуіне мүмкіндік жасау. Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, оның ішінде шымқалалық жасөспірімдердің бұқаралық спорт түрлерімен жас кезінен бастап айналысуына жағдай жасауда көптеген жұмыстар атқарып келеді. Қалада жүздеген балалар мен жасөспірімдер спорттын нысандары жұмыс жасап тұр. Солардың бірі — «Шымкент» Орталық су-спорт кешені. Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі 2в мекенжайында орналасқан. Мұнда жүзуден оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстар өтеді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов спорт кешенінің жұмысымен танысты. Қалада жастар арасында жүзу мен гимнастика кең тарағанын айтқан шаһар басшысы мұндай спорт…
Күнделікті өмірімізде қала тұрғындарының арасында қоқысты тиісті орынға тастамай, көрінген жерге тастап кету, абаттандырылған аймақты бүлдіру, тағы басқа да тазалықты сақтамай тұрмыстық құқық бұзушылыққа бару оқиғалары орын алып отырады. Шымкент қаласының әкімі шымқалалықтарды тазалық мәдениетіне үйрету, өз үйінің айналасы мен ауласының таза болуына жанашырлық танытуға тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу арқылы қаланың тазалығына қол жеткіземіз, деп айтқанындай әкімдік пен тазалыққа жауапты мекемелер қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстық құқық бұзушылыққа бармай тазалықты сақтауды дағдыға айналдыруына қол жеткізу үшін тынымсыз түрлі іс-шаралар жүргізуде. Қала тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев,…