Автор: ais_media

Карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау мақсатында Қаратау ауданы бойынша мобильдік топ демалыс күндері (21-22 тамыз) мониторинг жұмыстарын жүргізді. Кезекті рейдтік іс-шара барысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар карантин талабын бұзғаны анықталды. Оның ішінде, Сайрам тұрғын алабында, Нұрсәт, Нұртас шағынауданында сауда нысандары жұмыс істеп тұрған. Талаптарды сақтамаған барлық нысан басшыларынан түсініктемелер алынып, шара көру мақсатында тиісті мекемелерге жолданды. Сондай-ақ, мониторинг жұмыстары барысында жеткізу қызметі бойынша жұмыс жүргізіп жатқан нысандарға карантин талаптарын сақтау, антисептик қолдану шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында өз жалғасын табатын болады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Read More

Шымкентте заңсыз жолмен қамыр қопсытқышы мен құрғақ сүт өнімдерін өндіріп келген жасырын цехқа қатысты сот шешімі шығарылды. Жыл басынан бері заңсыз жолмен «Cykoyra S.A» және «Frima» сауда белгілерінің тауарлары Шымкент қаласында орналасқан қоймалардың бірінде өндіріліп келген. Контрафактілі өнімдер ауыр жүк көліктеріне тиеліп цехтан тікелей қаладағы сауда орындарына және еліміздің өзге де аймақтарына жіберіліп отырған. Мұны байқаған аталған тауар таңбаларының иелері Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгінген. Әділет департаменті қызметкерлері арызданушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, Абай аудандық полиция басқармасы «Cykorya S.A.» атауымен қамыр қопсытқышы (разрыхлитель теста) және «Frima» құрғақ сүт өнімдері қалада орналасқан қойманың бірінде заңсыз шығарып отырған тұлғаны анықтады. Өз…

Read More

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, шілде айында 9746 отбасыға, яғни, 45 046 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек төленген. Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті электронды үкімет порталы арқылы онлайн тапсырып, азаматтар өздеріне қатысты мәліметті ЭЦҚ кілтін қолданып біле алады. Халық денсаулығының қауіпсіздігін қорғау мақсатында АӘК алуға құжат тапсыру, оның тағайындалғаны жөнінде білу және төлемдерді жүргізу жұмыстарының барлығы онлайн жүйеде атқарылуда. Ол азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы мен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» заңына сәйкес, отбасының табысы кедейшілік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға…

Read More

Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Солардың бірін Өзбекстан еліндегі «SLT» кәсіпорны қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында таныстырды. Zoom жүйесі арқылы қосылған инвестор мегаполисте жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және косервілеу зауытын ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, өндіріс орны сағатына 3 тоннадан астам жеміс пен көкөністі қайта өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 5,5 млн евроны құрайды. Құрал-жабдықтар Түркия, Бельгия, Германия және Италиядан әкелінеді деп жоспарлануда. Зауыт іске қосылғанда онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта келісімдер жүргізілуде. Сонымен бірге инвестор көкөністер мен жемістерді өсіру үшін жер бөліп беруді сұрады.…

Read More

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет орнатуды басты міндет етіп алға қойғанынан кейін жергілікті әкімдіктер, басқа да мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерін, тілектері мен арыз-шағымдарын жедел қарап, тиісті шешімдер шығарып, орындауға күш салуда. Шымкент қалалық полиция Департаментінің ұжымы да халықтың үніне, арыз-шағымына ерекше көңіл бөліп, оларды тез арада орындап, қанағаттандыруға күш салуда. Мысалы, бір күнде қаладағы Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы азаматтардан түскен арыз бойынша жедел әрекет етіп, құқық бұзушыларды құрықтады. 2021 жылдың 16-тамызында Әл-фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіру арқылы, шағын несие ұйымынан 1.000.000 теңге алдырып, қазіргі таңда несиесін төлемей жүргенін көрсеткен. Әл-Фараби…

Read More

Қай кезде де қоғамда алаяқтық жолмен аңқау адамдарды алдап кетушілер табылады. Қазіргідей пандемиялық ахуал жағдайында да ондай алаяқтар тиылмай отыр. Сондықтан Шымкент қалалық полиция Департаментінің қызметкерлері қырағылығын күшейте түсіп, халықтың талап-тілегі мен арыздарын жедел әрі нәтижелі орындау бойынша жұмыс жасауда. Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан «атаулы әлеуметтік көмек» алып беремін деп, 150.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдай қаланың…

Read More

Қоғамдағы құқық бұзушылық пен қоғамдық тыныштықты, тәртіпті сақтамау алкогольдік ішімдік ішкендер тарапынан жиі орын алады. Сондықтан да, мемлекетіміз ондай жағдайдың қоғамдық құқық бұзушылыққа ғана соқтырмай, түрлі қылмыстарға де себепші болатындығын ескеріп, қатаң шаралар қолданады. Шымкент қаласында қоғам тыныштығы мен тәртібін бұзушылыққа қарсы жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп отырады. Полиция қызметкерлері патрульдік қадағалау жүргізумен қатар азаматтардың қоңырау шалулары, қаладағы халық көп шоғырланатын, әралуан нысандар жиі орналасқан аумақтарға орнатылған бейнекамералар арқылы да құқық бұзушылықтарды анықтап, мүмкіндігінше олардың алдын алуға тырысады. Өткен аптада Шымкент қаласында қоғамдық орындарда мас күйде болған 40 азамат жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың 9-15 тамызы күндері аралығында полицияға қала тұрғындарынан қоғамдық…

Read More

Құқық бұзушылық автокөлік құралын басқаруда, оны пайдалануға байланысты жайттарда да жиі орын алады. Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жыл басынан бері көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 10514 жүргізушіні анықтады. Осы ретте автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп отырады. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сол сияқты Шымкент қаласы Полиция…

Read More

Бүкіл ел аймағындағыдай Шымкент қаласында да пандемиялық ахуалмен күресте карантин талаптарын сақтамай құқық бұзушылықтың алдын алу, оны бұзушыларды құрықтау бойынша белсенді жұмыс жасалуда. Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. 2021 жылдың 17-тамызында түнгі уақытта сағат 22-ден кейін Қаратау ауданы Ақжайық шағын ауданы бойында орналасқан кафелердің бірінде карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Ал қаланың Еңбекші ауданы полиция басқармасының…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің экологиялық жағдайды сауықтыру мен мегаполис тазалығын жақсартуға байланысты тапсырмасына орай шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде. Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті азаматтың Нұрсәт-3 шағынауданындағы «Астана» тұрғын үй кешені маңында ағаш қалдықтарын тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Әл-Фараби ауданы…

Read More