Автор: ais_media

Шымкент қаласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып жатыр. Биылғы жаңа оқу жылында қалада 20 жаңа мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады. «Тұран» шағын ауданында ашылған жаңа мектеппен танысу барысында қала әкімі М.Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып келетінін айтты. – Биылғы жаңа оқу жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында басталып отыр. Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72…

Read More

«Аntikor ortalyǵy» алаңында тікелей эфирде Ветеринариялық қызметінің директоры Н.Зейнолла мекеменің қызметі мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Эфир барысында спикер 24 түрлі ауруларға қарсы профилактикалық екпе және диагностикалық зерттеулер жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті. Оның айтуынша, қала тұрғындарынан қаңғыбас ит, мысықтар бойынша көп өтініштер келіп түседі. Ұсталған ит пен мысықтар Абдул- абад елді мекенінде уақытша оқшаулау орталығында 3 күн ұсталынады. Оның иесі іздестіріледі, егер табылған жағдайда ветеринариялық құжаттары көрсетіліп, жануарларын алып кете алады. Сондай-ақ, бірдейлендіру жұмыстары, төлдеріне сырға салу және де эпизотияға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жайына тоқталған Нұрсұлтан Зейнолла аталған салада ветеринария саласын цифрландыру…

Read More

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Әли Амантайұлы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке және оны өткізу жоспарына қатысты іріктеу тәртібін бекітті. Яғни, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап резервке кезекті іріктеу басталады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі. Негізгі талаптар: азаматтығы, жасы, білімі және жұмыс өтілі, – деді департамент басшысы. Спикердің сөзінше, конкурсқа қатысуға…

Read More

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шымкент қаласының басты жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт, М. Әуезов атындағы ОҚУ проректоры Сәкен Мәжiнбеков, қалалық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева, «Азаматтық Альянс» ҚБ төрағасы Жұмағали Бiлiсбеков, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыров, «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің директоры Біржан Байтуов, «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан…

Read More

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жұмыссыздықпен күрес мемлекет тарапынан қарқынды жүргізіліп келеді. Ел саясатының негізгі ұстанымы да осы. Сондықтан бұл бағытта жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар жанданып, салалық мамандарға нақты тапсырмалар жүктелуде. Атап айтқанда, «Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес», «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» секілді бағдарламалар жүйелі жүзеге асып, жыл санап жұмыссыздар саны азайып келеді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Шымкент қаласында жұмыссыздық мәселесін шешуде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жетті. Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы шаһарда 1941 азаматқа жұмыс ұсынылған. Ал 2020 жылы 39…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде елімізде бұқаралық спорт дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Соның ішінде республиканың үшінші мегаполисінде де нақты жұмыстар қолға алынуда. Нақты айтқанда жуырда Абай ауданынан бой көтерген заманауи спорт алаңшасын атауға болады. Самал-3 шағынауданындағы Ізгілік және Юсупов көшелерінің қиылысында орналасқан көп функционалды спорт алаңшасын қала әкімі ашып берді. – Бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақ, мықты ұлт қалыптасады. Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен айналысатын, оны өмірлік ұстанымына, дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналдырған ұлт әрдайым дені сау, санасы сергек, құлшынысы биік…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясында ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиынға қала әкімімен бірге Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Қала мектептерінің дәстүрлі оқу форматына дайындығын атап өткен қала басшысы балалардың денсаулығын сақтау бірінші кезектегі мәселе екендігіне көңіл бөлді. Қала әкімінің айтуынша, зияткер ұрпақ тәрбиелеу басты стратегиялық міндет болып белгіленген. Білім саласында мақсатты индикаторлық көрсеткіштер қойылып, адами капиталдың сапасын арттыру міндеттері межеленген. Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарының құрылысын жүргізу, олардың жабдықталу деңгейін арттыру, білім саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жолға…

Read More

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр. Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құр уарқылы көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігін арттыру. Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, РПМ-2 KZ шағын сериялы өндірісік өкөніс-бақша кластерінің егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, ауыл шаруашылық техникаларын…

Read More

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жүйенің бірі – архивтерді электронды форматқа көшіру. Осы мақсатта Қазақстан Республикаксының 30 жылдығына орай қалалық архивте сақтауда тұрған шамамен 5 миллион парақ цифрландырылады. Бұл туралы бүгін қала әкімінің алдындағы есепті жиында тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова мәлімдеді. «Архивте сақтауда тұрған шамамен 5 млн. парақты цифрландыру қажеттіліг ітуындап отыр. Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізу үшін архивте 2 дана планетарлық сканер орнатылған. Бір сканер күніне 400 бет өткізеді. Екі сканер жылына 193 600 парақтыөткізеді. 5 млн құжатты цифрлау үшін 26 жылқажет. Ал, бұл жұмыстарды 5 жыл ішінде аяқтау…

Read More

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығына орай, Шымкент қаласында жыл басынан бері көшіп келген 798 отбасындағы 1099 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың көпшілігі Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр. Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында басқармаға қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызме ттүрлері көрсетіледі. Сонымен қатар, орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз жәнет.б. Айта кетерлігі, жұмысқа орналасып, баспана салып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған қандастар да жоқ…

Read More