Автор: ais_media

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қаратау аудандық жастар орталығында қала жастарымен еркін форматта кездесіп, сұхбат құрды. Іс-шара қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының өзекті мәселелері мен қызығушылықтары жайында еркін форматта сұхбат жүргізді. Іс-шараға әр саланың белсенді үздіктері, қаламызға белгілі жас кәсіпкер, жас режиссер, мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, еріктілер, пікірсайысшылар, жалпы 20-ға жуық талантты жастар қатысып, белсенділік танытты. Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жеке өмірінен қызықты сәттермен бөлісіп, еңбек тәжірибесін айтып берді. Бүгінгі жастардың қызығушылықтары жайында пікір алмасып, сұрақтарға…

Read More

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Ол оны сөзбен талай рет айтып жүргені белгілі. Нақты іспен де көрсетіп «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де бірнеше рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Енді өз округіндегі тұрғындар үшін әркез іздегенде табылу үшін өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты. Халықтың үніне құлақ түріп, олар көтерген мәселенің шешілуіне ықпал ету мақсатында ашылған депутаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі «Аманат» бизнес орталығы (Бәйдібек би 80) ғимаратында орналасқан. Өз кезегінде Талғат Балтабаев Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде өз қабылдау бөлмесінде алғашқы қабылдауын өткізіп үлгерді. Оған келген…

Read More

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторлары №122, №51, №56 мектептің оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл дәрістің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу. Төбелес, бопсалау жайтының жолын кесу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарын анықтау. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар)…

Read More

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік колледжінің студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс өткізді. Бұл дәрістің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығңын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады. Дәріс барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.…

Read More

Шымшаһардағы білім беру мекемелерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар жалғасуда. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқушылар арасында да Тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді. Мектеп директоры Кайырбек Сәбитұлының айтуынша, қыркүйек айына жоспарланған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақты қытайлық әріптестерімен де онлайн өткізбек. Бұл тәрбие сағаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген. Бүгінгі іс-шараны қаладағы жетекші 30 мектептің 900 оқушысы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің youtube-тағы арнасы арқылы тікелей трансляцияда тамашалады. Сабақ барысында 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды хронологиялық кезеңдер…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүлік иелерінің бірлестіктерін немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаның жол картасы бекітілген. Қазіргі таңда Шымкенттегі 4 ауданда көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру жоспарына сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Төрт аудан әкімдігінің жауапты мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, жаңа реформаның артықшылықтарын түсіндіруде. Осы бағытта бүгінгі таңға дейін әр ауданда тұрғындармен 300-ден аса жиналыс ұйымдастырылған. Кездесулерде көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшудің тиімділігі сөз болады. Нәтижесінде мүлік иелерінің бірлестіктері мен жай серіктестіктер құрылып, қалалық Әділет департаментінде тіркеуден өтуде. Бүгінгі таңда дейінгі мәліметтер мынадай: 1. Әл-Фараби ауданы – 52 үй МИБ, 142 үй…

Read More

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына келді,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласында ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Көшпелі отырыста Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын атап өтті. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты индикаторларына қолжеткізу қажеттілігі туралы міндет қойды. Сондай-ақ, оқужылының дәстүрлі формата басталуына байланысты мектептерде санитариялық нормаларды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Қаланың медициналық…

Read More

Шымкент қаласының «Асар» шағынауданындағы № 90 мектепте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданының актив мәжілісі өтті,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы мақсатта бұған дейін қала активімен, 3 ауданның тұрғындарымен кездескен болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы тұрғындарына да Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты. Жиында алдымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков баяндама жасады. Сәкен Аралбайұлы еліміз саяси және әлеуметтік-экономиканы қалпына келтіріп, ұлттық маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды…

Read More