Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды және спортты баршаға қолжетімді етуді айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтеновті бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек таныстырды. Аталған ауданда жалпы 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары орнатылған. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылы ауданда 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары орнату жоспарланған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бүгінгі таңда Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар 14 спорт алаңшасын орнату бойынша…
Автор: ais_media
Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Шымкент қаласында осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда.етті,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарының бірі «Тұран» шағын ауданында. Бұл шағын ауданда ауыз су жүйесін тарту жұмыстары 2018 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гімен басталған болатын. Жалпы ұзындығы 59,8 шақырымды құрайды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыз су құбырының құрылысы 100 пайыз аяқталып, құбырларды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде.…
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі — қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Қолға алынған жұмыстың…
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті тікелей эфирде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді қала аумағында іске асырудың жүйелі тәртібін жария етті,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі бұл саяси құжатта мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалып, экономикалық даму, денсаулық сақтау, білім беру, өңірлік даму, тағы басқа маңызды 7 бағыт бойынша іске асуы тиіс міндеттер белгіленгенін атап өтті. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы Президенттік Жолдау аясында қабылданатын Жалпыұлттық жоспар бойынша жүзеге асатынын жеткізді. Айқындалған басымдықтарды табысты іске асыруға қалада барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өткен…
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін салықтық бақылау бөлімінің басшысы сотталып, Әл-Фараби аудандық сотында үкім шығарылды. Сөйтіп, заң бұзушылық пен құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Тергеу материалдары бойынша, сотталушы әріптесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер оның қыр соңына түскенін айтқан. Мекеме басшысы 5 миллион теңгемен бұл мәселені шешіп беремін деп көмектеспек болған, тіпті кейіннен қол астымда қамқорлығыма аламын деп те уәде беріпті. Шенеуніктің әріптесі айлаға оңай алданып қалатындардың қатарынан болмай шыққан. Ол жемқорлықпен күресушілерден көмек сұрап, кейінірек басшыға таңбаланған купюраларды әкелген. Сот отырысында прокурор шенеунікті 6 жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот барлық жағдайларды ескере отырып, айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар,…
Пара беремін деп жауапқа тартылды. Тергеу изоляторының бастығына ақша ұсынбақ болған әйел 3 миллион теңге айыппұл арқалады. Түзеу мекемесіндегі күйеуіне жақсы жағдай жасауын өтінген ол 1500 АҚШ долларын беруге тырысқан. Мекеме басшысы ұсыныстан бас тартып, әйелді сол сәтте қолға түсірген. Бұл әйел түзеу мекемесінің бастығына пара беріп жатқан сәтте қолға түсті. Ол ақшаны темір торда жазасын өтеп отырған күйеуіне жақсы жағдай жасау үшін тергеу изоляторының басшысына бермек болған. Күдік тудырмау үшін ұсынбақ болған соманы кітапқа жасырған. Азаматтық некедегі жолдасына жақсылық жасамақ болған әйелге 3 млн. теңге айыппұл салынды. Ал келіншегі арқылы пара беруді ұсынған жазасын өтеуші енді абақтыда 11 емес,…
Шымкент қаласында қоғамның тыныштығы мен азаматтардың жайлы да қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тұрақты да жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Қоғам тыныштығын бұзып, құқық бұзушылыққа жол ашатын нәрсенің бірі есірткі пайдалану, нашақорлық. Түрлі қылмысқа, құқық бұзушылық пен азаматтардың өміріне қауіп төндіретін есірткіге қарсы арнайы іс-шаралар жүргізудің арқасында көптеген құқықбұзушылықтардың жолы кесілуде. Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісі анықталды. Полицейлер Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік – қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден…
Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласында барлық салаларда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты «Жастар практикасы» бағдарламасы. Шымкенттік жас Дінмұхамед Абзалбек – мемлекеттік бағдарламаның жемісін көргендердің бірі. Жас маман М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған. Оқу бітірген соң, бірден жұмыссыз мәртебесін алып, биыл наурыз айында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау басқармасына жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды. – Осы бағдарлама арқылы ең алдымен әлеуметтік салада кәсіби тәжірибе жинақтап жатырмын. Алдағы уақытта жинаған тәжірибемнің арқасында тұрақты жұмысқа орналасқым келеді, – дейді…
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған. Аталмыш цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі. Кәсіпорын басшысы Полат Халаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен. Жиырма бес жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Халаев» ЖК кәсіпорын сапа стандарты бойынша жұмыс істеп отыр. Сүт өңдеу цехының орналасқан жері Мәртөбе…
Бүгін, 2 қыркүйек күні Шымкент қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған қала активінің жиыны өтті. Қала әкімі Жолдауда көрініс тапқан жеті бағытты және жария етілген бес бастаманы қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар жүзеге асырылатынын айтты. «Президент «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдады. Биыл «Бизнестің жол картасы» бойынша қаламызда былтырғымен салыстырғанда 6 есе көп қаржы қаралып, 4,8 млрд. теңгені құрады. Жеті айдың қорытындысымен 970 жоба 3 млрд. теңгеге жуық қаржыландырылды. «Қарапайым…