ды (мөлшері – 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін)», — деп түсіндірді Серік Шапкенов. Бұдан бөлек, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. «Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедек бала кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан аса отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжанған», — деді Серік Шапкенов.
Автор: ais_media
Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің депутаттық сауалымыз көптен бері айтылып, бірақ осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан еліміздегі аудандық, қалалық және облыстық мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты болмақ. Біздер таяуда өңірлерде іссапарда болғанымызда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша жұмыстарда әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екенініне куә болдық. Атап айтқанда, Үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 еседен артық көтерілген, алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбек ақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Осы орайда айта…
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылды, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі. Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұған дейін БҒМ жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы хабарлаған болатын. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады. Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен жоо бас лицензиясынан айырылды. Сондай-ақ Алматы…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында «Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты. Олар: COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай. Экономикалық және әлеуметтік салдары әлі де ауыр болып отыр. Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күн көріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Даму саласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар…
Шымкент қаласында 10 қазан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «FOLK & SYMPHONY» концертін ұсынады. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ. «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заманның талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді. Бағдарламада қазақ композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары орындалады.…
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа арнайы автокөлікпен қамтылды. Мекемеге көлік кілтін басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова табыстап, бұл автокөлік орталықта қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында беріліп отырғанын айтты. -Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Бүгінгі жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға арнайы автокөлік алынды. Енді ол автокөлікпен орталықтағы қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау, оларға қызмет көрсету үшін қамтылып отыр. Ал, жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен және арнайы құралдармен қамтылды,- деді басқарма басшысы. Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден…
Шымкент қаласы «Арбат» алаңында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде 50-ден аса жұмыс беруші кәсіпорындары мен мекемелер қатысып, 9000 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесін көрсеткен жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа 790 азамат, ал «Жастар практикасы» бағдарламасымен 121 жас жолдама алды. Тұрақты жұмысқа жолдама алған қала жастарының бірі — Айсұлу Қорабаева. Ол биылғы жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Жұмыс іздеп жүрген қала тұрғыны дәл осы жәрмеңкеде мамандығы бойынша жұмыс тапты. — Бүгінгі жәрмеңке жайында ақпаратты әлеуметтік желі парақшасында көріп, қуана келдім. Жәрмеңкеге келген соң бос жұмыс орындары тізімін толық…
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ынтымақ» шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, «Шымкент құс» ЖШС бас директоры Әбілқасым Досболов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, №54 жалпы орта мектептің директоры Уғлан Мамешова да өз ойларын…
Қала мектептері мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет — білім сапасын арттыру екенін қала әкімі Мұрат Әйтенов педагогтардың биылғы тамыз конференциясында айтқан болатын. Мемлекет тарапынан оқушылардың сапалы білім алулары үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Шымкентте қала абыройын асқақтатып, білімнің шыңына шыққан жастар қатары артуда. Оқушы бойындағы дарынды анықтап, жетелеген ұстаздың бірі – Бибайша Бейсетаева. Ол дайындаған 121 жас өрен Республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көріне білді. Бибайша Абдіманапқызы 1996 жылдан бері №47 мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді. Саладағы жұмыс өтілі – 34 жыл. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған тәжірибелі ұстаз білім саласындағы жаңалықтарды жатсынбай қабылдап, оқу үдерісіне…
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың төрағалығымен «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Қамбар, Превенция және парасаттылық басқармасы басшысының м.а. А. Колосковтың қатысуымен Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында Т.Серікбаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша нақты қадамдар қабылданып жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салынды. «Жауапкершіліктің күшеюі…